08 желтоқсан 2016 | 14:41

Болашақ бағдарламасымен оқуға түсіп жоғалып кеткен студенттің әкесі баласымен әлі хабарласа алмай отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ержан Еліковтың АҚШ-та бес жыл бұрын түскен суреті Ержан Еліковтың АҚШ-та бес жыл бұрын түскен суреті

Болашақ бағдарламасымен оқуға түсіп жоғалып кеткен студенттің әкесі Серік Еліков "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ өкілдері берген нөмір бойынша баласымен хабарласа алмай отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Болашақ бағдарламасымен оқуға түсіп жоғалып кеткен студенттің әкесі Серік Еліков "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ өкілдері берген нөмір бойынша баласымен хабарласа алмай отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Осыған дейін АҚШ-та "Болашақ" бағдарламасымен оқып жүріп жоғалған студенттің табылғаны хабарланған еді. Оның байланыс телефондары әкесіне берілген еді. 

Алайда Серік Еліков ұлымен берілген нөмір бойынша хабарласа алмай отырғанын айтады. "Маған бір телефон нөмірін берді, алайда оған ешкім жауап бермейді. Ағылшынша бірдеме деп жауап қайырды. Түсінбеймін. Сосын маған Роман деген жігіттің нөмірін берді, ол Ержанды Нью-Йоркте бір ай бұрын көрген екен. Мен одан ұлымның қайда екенін, қайда жұмыс істейтінін сұрадым, бірақ ол маған ештеңе айта алмады. "Мен оны өзім көрген кезде сізге қоңырау шалайын", - деді. Ал мен болсам, оған: "Сен өз тегіңді айтшы" - дедім. Ал, ол болса "Оның не керегі бар сізге, айтпаймын" деді. Осыдан кейін ол да жоқ болып кетті. Қоңырау шалсам, алмайды", - деді Еліков. 

Оның айтуынша, Еліковтің ата-анасы ұлының қарызын қайтару туралы сот үкімі заңды күшіне ені. 

"Ол 25 миллион теңге қайтару керек. Менің екі бөлмелі пәтерімді төрт жарым миллионға бағалап, өкіметке өткізді. Енді қалған ақшаны төлеуім керек. Онда сот шығындарын ұстап қалды. Шамамен 20 миллион теңге қайтаруымыз қажет", - деді Ержанның әкесі. 

Еске салайық, осыған дейін "Болашақпен" Америкаға оқуға кеткен өскемендік жігіттің ұшты-күйлі жоғалып кеткені жайлы хабарланған болатын. "Соңғы рет ол маған 2011 жылы телефон соқты. Мені 8 наурыз мерекесімен құттықтаған болатын. Содан бері ұлымнан хабар жоқ. Жазбаған жеріміз, кірмеген есігіміз қалмады. Бірақ бірде-бір мемлекеттік орган ұлымды тауып беруге күш салып жатқан жоқ", - деген еді Ержанның анасы. 

"Болашақпен" кеткен Ержанның жоғалғанына осымен бесінші жыл. Жалғызынан көз жазып қалған әкенің жазбаған жері қалмаған. Артынан АҚШ-қа өзі іздеп барайын десе, қалталарында қаржы жоқ. Қарапайым металургтың тапқан табысы, шетел асуға жетпейді. Одан қалды отбасы қазір далада қалған. Өйткені жалғыз пәтерін "Болашақтағылар" оқудың өтемақысы ретінде сот арқылы тартып алған. Тағы 20 миллион теңге қарыз артып қойған. Бірақ Еліковтер отбасы баспанасын алған "Болашақ" бәрінен бұрын баламызды қайтарса дейді.

Читайте также
Join Telegram
Доллар бағамы өсті

Валюта бағамы

 489.49   537.05   5.04 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети