Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

"Болашақ" түлектеріне елге қайтқан соң міндеттелген еңбекпен өтеу мерзімі қысқартылады

07 Қазан 2016, 13:35
0
© egemen.kz
© egemen.kz

"Болашақ" бағдарламасы бойынша оқу бітірушілерге міндетті еңбекпен өтеу мерзімі қысқартылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ президенті Жанболат Мелдешовтың сөзінше, міндетті еңбекпен өтеу мерзімін бес жылдан үш жылға дейін қысқарту жоспарланған. 

"Аймақтардың гуманитарлық, техникалық, басқарушылық әлеуетін арттыру үшін және стипендия түлектерін аймақтарға келуін ынталандыру мақсатында аймақта үщ жылдық еңбекпен өтеуді қысқарту жоспарлануда. "Мемлекеттік қызметкер" санаттағы стипендианттар үшін. Орталықтардағы бес жыл орнына аймақтардағы үш жылдық еңбекпен өтеу "Болашақ" бағдарламасы бойынша білім алушылардың ірі қалалардан аймақтарға ауысуына демеу болады деп ойлаймыз. Бұл елге де көмек болады және стипендиантты да байытады", - дейді Мелдешов.

Сонымен қатар, "Болашақ" президенті ауыл мұғалімдерінің шетелде білім алуына мүмкіндігі барын айтты. Олар үшін оқу орнына тапсыруға арнайы жеңілдіктер қарастырылған.

"Ауылдық мектептердің кадрлық әлеуетін көтеруге, сондай-ақ аймақтардан келген стипендианттар санын арттыру мақсатында ауылдық білім беру ұйымдарының педагогикалық кадрларына арнап жаңа санат енгізу жоспарланып жатыр. Аталған санат бойыша ауылдық жерде екі жылдық еңбек өтілі бар үміткерлер білім ала алады. Оның үстіне, оларға ағылшын тілін меңгеру жағынан жеңілдіктер, сонымен бірге ауылдық мектепте міндетті еңбекпен өтеу кезеңін қысқарту қарастырылған. Осылайша "Болашақ" ауылдық мұғалімдердің үздіксіз кәсіби білім беруге қолжетімділігін кеңейтеді де, ауылдың кадрлық экономикалық әлеуетін көтереді", - дейді сұқбаттасушы. 

Естеріңе салайық, үкімет жарлығымен 4 қазанда "Болашақ" бағдарламасы "Өз бетінше түскендер" санаты бойынша стипендияға үміткерлер үшін екі жылдық еңбек өтілінің болу талабы алынып тасталған болатын.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай