20 сәуір 2015 15:17

"Болашақтықтар" мемлекетке миллиондаған қаржыны сот арқылы қайтарып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрация © Tengrinews.kz Иллюстрация © Tengrinews.kz

"Болашақ" сыйлығының иегерлері миллиондаған теңгені мемлекетке сот арқылы қайтарып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Болашақ" сыйлығының иегерлері миллиондаған теңгені мемлекетке сот арқылы қайтарып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін Астанада жас мамандар форумы аясында "Болашақ" Президенттік бағдарламасының стипендиаттарына сертификаттар табыс етілді. Форум кулуарында "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ президенті Ғани Нығыметов бұған дейін шетелде білім алып, дипломға қол жеткізу мүмкіндігіне ие болған 30 адамның бүгінгі таңда ол мүмкіндіктен айрылғанын хабарлады.

"Әртүрлі объективтік себептермен, үлгермеушіліктен президенттік стипендиядан айырылған стипендиаттар бар. Қазіргі таңда олар өздеріне жұмсалған қаржыны қайтарып жатыр. (...) Біз қаржыны қайтару мәселесімен айналысып жатырмыз, иландыру арқылы, өз еріктерімен көндіру арқылы немесе сотқа жүгінеміз. Сол 30 адамның барлығына қатысты сот оң шешім қабылдады және олар сот шешіміне сәйкес шығынның орнын толтырып жатыр", - деді Ғани Нығыметов журналистердің сұрағына жауап беріп.

Оның айтуынша, бұл стипендиаттар мемлекетке 100 миллион теңгеден аса қаржыны қайтаруы тиіс. Қазақстандықтардың шетелдегі оқуларын жалғастыруларына кедергі болған себептердің арасында үлгермеушілік, жұмысқа оралу мен отбасындағы проблемалар бар. "Халықаралық бағдарламалар орталығы" басшысының айтуынша, "болашақтықтардың" шетелге білім алуға барып, сол жақта қалғылары келетін кездер артта қалды.

"Мұндай проблема 90-жылдардың басында болған. Қазіргі таңда ондай проблема жоқ. Егер қалам дейтіндер болған күннің өзінде олар өздеріне жұмсалған мемлекеттің  қаржысын 10 пайыздық санкциямен өтеулері тиіс. (...) Менің ойымша, барлық "болашақтық" белсенді еңбектеніп жүр. Мен бос жүрген немесе жұмыс істемейтін бірде-бір "болашақтықты" білмеймін", - деді Ғани Нығыметов.

Ресми деректер бойынша, Қазақстанда 2014 жылы желтоқсанда "Болашақ" бағдарламасы бойынша 780 стипендия бөлінді. Айта кетейік, 1993 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасымен "Болашақ" бағдарламасы құрылды, ол - әлемнің жетекші оқу орындарында кадр дайындауға арналған бірінші бағдарлама.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети