10 шілде 2019 12:00

Болат Кальянбеков Nur Media холдингінің директоры болып тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Болат Кальянбеков Nur Media холдингінің директоры болып тағайындалды. Бұл туралы Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Twitter желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

"Елбасы, Nur Otan партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаев Nur Media холдингінің жұмысын қайта қалыптастыруды алдымызға міндет етіп қойды. Бұл бағытта партия ресурстарының жұмысын "жаңа" медиаға басымдық бере отырып жүргізудің маңызы зор. Осыған байланысты Болат Кальянбеков холдингтің бас директоры қызметіне тағайындалды. Жаңа қызметте табыс пен сәттілік тілеймін!", - деп жазды Бауыржан Байбек.

Сондай-ақ, Елбасы "кері байланысты" күшейтіп, қоғамның сұраныстарына сәйкес дер кезінде әрекет етуді тапсырды. Бұл істе халықпен тиімді байланыс орнатудың жаңа жолы қажет. Осыған байланысты партия Лидерінің келісімімен Әлібек Әлденей Nur Otan-ның хатшысы болып тағайындалды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети