11 қаңтар 2021 10:25

"Болды, рақмет" Божко зейнетке шыққанын мәлімдеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©Тұрар Қазанғапов Фото ©Тұрар Қазанғапов

Владимир Божко Мәжілістен кетеді. Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары жаңа сайланымда лауазымын босататынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Владимир Божко Мәжілістен кетеді. Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары жаңа сайланымда лауазымын босататынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жалғасы

"Болды, рақмет. Мен тіпті мұнда Facebook-те жарияладым. Мырзалар, барлығыңыз тынышталыңыз. Кейбіреулер мені үнемі зейнетке шығарғысы келетін. Мен кетемін", - деді Божко.

Әзірге ол болашақта немен айналысатынын айтпады. 

Божко Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа және Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулинге алғысын білдірді.

"Себебі менің жасымда... ең бастысы - мен бұл жерде жақсы тәжірибе алдым. Бұған дейін де заң шығару процесінде болдым, бірақ бұл жерде, әрине, барлығына қажетті теңдессіз тәжірибе алдым. Мұның маған көп жағдайда пайдасы тиеді. (...)", - дейді Божко.

Депутат 2019 және 2020 жылдары әлеуметтік және қаржылық қолдауды күшейтетін көптеген заң қабылданғанын атап өтті.

"Екіншіден, қабылданған заңдарға сәйкес екі триллионға жуық теңге жалақыны, әлеуметтік жәрдемақыны тікелей азаматтарымыздың қалтасына түсірдік. Мен бес жыл жұмыс істегеніме ұялмаймын", - деді Божко.

Жалақысы, мәлімдемелері және отбасы. Сіз кімсіз, Владимир Божко?

Еске салайық, бұған дейін Алматыда "Қазақстандағы орыс, казак және славян ұйымдарының үйлестіруші кеңесі" мен сол секілді қоғамдық бірлестіктердің бірқатар өкілі Божконың депутаттық қызметінен кетуін талап еткен болатын. Божко өзінің "нысанда" болуын "Орыстар, славяндар мен казактар ұйымын" басқаруымен түсіндірген болатын және өзінің мандатын тапсырмайтынын айтқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети