27 маусым 2020 09:28

"Бір науқас қасымызда тұрған, ол да қайтыс болды". Шымкент ауруханаларында науқастар сыртта сағаттап күтуге мәжбүр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте сырқаттанғандардың көптігі сонша ауруханаларда орын жетіспей жатыр. Тіпті мегаполистегі жаңадан ашылған су жаңа жұқпалы аурулар орталығында да бос орын қалмапты. Салдарынан науқастар жедел жәрдем көліктерінің ішінде сағаттап күтуге мәжбүр, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.


Шымкентте сырқаттанғандардың көптігі сонша ауруханаларда орын жетіспей жатыр. Тіпті мегаполистегі жаңадан ашылған су жаңа жұқпалы аурулар орталығында да бос орын қалмапты. Салдарынан науқастар жедел жәрдем көліктерінің ішінде сағаттап күтуге мәжбүр, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Жуырда ғана іске қосылған орталықтағылар мұнда орын жоғын айтып ақталды. Алайда жаны қысылған науқастардың туыстары бұған сенгісі жоқ.

Медица қызметкері қазір мұнда жатқандардың саны тіпті артық деп қосты.

Телеарна тілшісінің айтуынша, аурухананың алдындағы бір жігіттің анасы бүгін таңертең жан тапсырған. Оған "қос өкпесі қабынған" деген диагноз қойылған екен. Арнайы көлік үйден әкеткенімен ауруханалар қабылдамай уақыт жоғалтық дейді.

"Біз мына жақта 13 сағат, бір науқас қасымызда тұрған, ол да қайтыс болып кетті. Бізде газ таусылған еді, газға барайық дедік, газға жібермеді... сонымен кіргіздік, 9 -дан өте кіргіздік. Жарты сағаттан кейін хабар келіп жатыр, анаңыз қайтыс болды. Жүрегі тоқтап қалды дейді. Жүріп тұрған адам қалай қайтыс болады..? Біз шок болып қалдық", - дейді жігіт.

Ауруханалар түнде ғана емес күндіз де нуқастарды қабылдап жатпағанына бізде куә болдық. Науқастардың да, оны жеткізушілердің де төзімі таусылуға шақ. Жедел жәрдем қызметіндегілердің жіпсіз байланғаны былай тұрсын, індет өршіп тұрған қазіргідей шақта ауру жұқтырамыз ба деп қорқады.

"1,5 сағат болды алып жүргенімізге, қабылдамайды больницалар. Не істеуіміз керек? Мен мынамен 1,5 сағат болды жүргеніме. Егер мен ауырсам не болады?", - дейді жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі.  

Ал жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігерлері жағдайды аурудың бір өршіп, бір түсуімен байланыстырды.

"Орын болмағанның есебінен біз ішке жібере алмай жатырмыз науқастарды. Ол модульный госпитальда барлығы есептелген. Коронавируспен таңертеңгі біздің информация бойынша - 109 науқас жатыр. Қалғандарының бәрі ОРВИ пневманиямен жатыр қазір. Реанимация бөлімшесінде 19 нақуас жатыр", - деді Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Амангелді Нұрлыбаев.

Мамандар орын жетіспеушілігінің тағы бір себебі қағазбастылықта екенін де жасырмайды. Болмаса ауру жұқтырғандардың қатары артуына байланысты қалада қосымша орындар көптеп ашылып жатқанын алға тартты. Ресми мәліметке сүйенсек, Шымкентте COVID-19 диагнозы 1482 адамнан анықталған. 13 адамның ажалы осыдан келіпті. Ал пневмания мен жедел респираторлық вирус жұқтырғандар саны -1200.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети