Бір типті көпқабатты үйлер Астананың көркін қашырып тұр - сәулетші

viewings icon 303 comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

Германиядан келген сәулетші Александр Копп елордада соғылып жатқан эконом-кластағы үйлерді соғылып қойған сәулеті ерекше нысандардың деңгейіне сәйкес емес деп есептейді. Астананың дамуы туралы пікірін ол Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында айтты.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Германиядан келген сәулетші Александр Копп елордада соғылып жатқан эконом-кластағы үйлерді соғылып қойған сәулеті ерекше нысандардың деңгейіне сәйкес емес деп есептейді. Астананың дамуы туралы пікірін ол Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында айтты.

"Мен мұнда үш жыл жұмыс істедім, жобалауға, құрылысқа қатыстым, алты жыл үзілістен кейін қайтып келдім және Астананың келбетін мынау көпқабатты, эконом-кластағы құрылымдар бұзып тұрғанын айтпай өтуге болмас, олар өзінің ірілігімен, қарапайым схемалық шешімімен көзге ұрып тұр. Астананың орталығындағы және ерекше нысандардың деңгейін түсірмеу үшін олардың пластикасын, қасбетін, түсін сәйкестендіру керек, көптүрлі ету керек", - деді ол Астанада өтіп жатқан "Кеңістік. Уақыт. Сәулет" халықаралық конференциясының үзілісінде.

Сонымен қатар, ол Қазақстан елордасының сол жағалауын қалайша "тірілтуге" болатынын түсіндірді.

"Астананың сол жағалауын, меніңше, көлік құрылымдарын, жаяу жүргіншілерге, велосипедшілерге, демалыс орындарына орын болатындай ойластыру арқылы тірілтуге болады деп ойлаймын, осы коммуникациялық байланыстар ойластырылған болуы керек. Қарапайым мысал, "Думан" қонақүйі тұр, жанында "Мега", маңында саябақ жатыр, алайда саябақ осы кешенмен тиіп тұр, саябаққа бару қиын. Саябаққа бару үшін айналып өту керек. Бұл қаланың белсенді емес деген атқа ие болуы да сол - ойластырмай, немқұрайлы салынуында. "Мега" сауда үйі мен "Хан Шатырдың" алдында болса адамдар онда қиналмай-ақ бара алатын еді. Міне, адамдар қақпаға тіреліп қалатындықтан солай деп атайды, себебі мұндай жағдайлар адамның ашуын туғызады", - деді сәулетші.

 
Tengrinews
Комментарий отправлен на модерацию
Пікірлер news 0
Жолдау
Комментарии проходят модерацию редакцией

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

14°C Қазір алабұлтты, жағымды ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro

Оставьте свой email и мы будем присылать вам самое главное за неделю