24 қараша 2021 13:09

Бір тоннасы 30 мың теңгеден - депутат көмір тапшылығымен күресуді талап етті

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров үкіметтен өңірлердегі көмір тапшылығымен күресуді талап етті. Ол бірқатар өңірлерде көмірдің тоннасы 30 мың теңгеден сатылып жатқанын, бұл өндірушілердің құнынан бірнеше есе жоғары екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров үкіметтен өңірлердегі көмір тапшылығымен күресуді талап етті. Ол бірқатар өңірлерде көмірдің тоннасы 30 мың теңгеден сатылып жатқанын, бұл өндірушілердің құнынан бірнеше есе жоғары екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бірқатар өңірлерде көмір тапшылығына байланысты жағдай шиеленісті. Жылыту маусымының басында көмір тапшылығының болуы халықтың моральдық-психологиялық жағдайына теріс әсер етті. Әлемдегі ең ірі көмір өндіруші елдердің ондығына кіретін елде осындай жағдай болғаны ұят", - деп наразылық білдірді депутат Сабиров Премьер-Министрдің орынбасары Роман Склярдың атына.

"Биржалық сауданың қолданыстағы ережелері делдал кәсіпорындарға көмірдің үлкен көлемін сатып алуға және оны бірден екі есе қымбат бағамен сатуға мүмкіндік береді деп болжауға негіз бар. Бүгінде разрезден тоннасына шамамен 7800 теңге бағамен шығатын көмір Алматы, Ақмола, Қызылорда, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарындағы өткізу пункттерінде тоннасына 25-30 мың теңгеге сатылады. Осылайша, соңғы тұтынушы үшін бастапқы бағадан баға 3-4 есе қымбаттайды. Бұл ауыл тұрғындары үшін қиын", - деді депутат.

Саиров ауылдық елді мекен тұрғындарына көмірдің нормативті қорын қалыптастыруды жедел түрде қамтамасыз етуді, көмір бағасын қалыптастыруда ашықтықты және көмірді көтерме сатып алушылар арасында бәсекелестікті арттыруды сұрады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети