Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Біреу сүттен ақ, судан таза болып шықса, оның жазасын құдай береді - Ерасыл Әубәкіровтің анасы

22 Тамыз 2016, 16:33
0
Ерасылдың анасы - Кенжегүл Әубәкірова
Ерасылдың анасы - Кенжегүл Әубәкірова

Қаза болған Ерасыл Әубәкіровтің анасы алдын ала сот отырысына кіре алмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Астана қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 23 жастағы студент Ерасыл Әубәкіровтің өлімі бойынша алдын ала сот отырысы өтті.

Сот тыңдауы жабық тәртіпте өтті. Әубәкіровтің анасы Астанаға арнайы келсе де, сот отырысына кіре алмады. БАҚ өкілдері де сот отырысына қатыса алмады. 

"Олар өздері бәрін шеше салды (жабық тәртіптегі сот отырысы жайлы - Авт.). Менің балам кінәлі емес. (...) Енді мен ешкімге сенбеймін", - деп мәлімдеді қаза болған студенттің анасы Кенжегүл Әубәкірова. 

"Мен баламды бес саусағымдай білемін, ол кінәлі емес. Кейбір адамдар айтып жатқандай бала емес. Өте өкінішті, өте ауыр, өте қиын. Баламның әрдайым патриот болғанына әрқашан мақтанамын, нағыз жігіт болды. Тіпті біреу сүттен ақ, судан таза болып шықса, оның жазасын құдай береді. Мен енді құдайға ғана сенемін, басқа ешкімге сенбеймін", - деп мәлімдеді Ерасылдың анасы. 

Айта кетейік, бүгін Ерасыл Әубәкіровтің өлімі бойынша күдіктілердің бірінің адвокаты істі алқа билердің қатысуымен өткізуді сұраған болатын. Оның айтуынша, мұны күдікті мен оның ата-анасы талап етіп отыр.

Сот отырысы судья Асхат Әшірбековтың төрағалығымен өтті, іске екі процессуалдық прокурор қатысты - Арсен Бегалин мен Наталья Жүнісова. 

Еске салайық, биыл 10 ақпанда Астанада медициналық университеттің жоғалып кеткен студенті Ерасыл Әубәкіровтің денесі табылған еді. Мәйітте зорлық белгілері болды. Адам өлтірді деген күдікпен төрт адам ұсталды - Аян Мейірбаев, Андрей Тихоненко, Виталий Шерстенев және Нұрбек Әжімбай.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай