22 тамыз 2016 15:38

Ерасыл Әубәкіровтің өлімі бойынша істі алқа билердің қатысуымен өткізу сұралады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ерасыл Әубәкіров Ерасыл Әубәкіров

Ерасыл Әубәкіровтің өлімі бойынша күдіктілердің бірінің адвокаты істі алқа билердің қатысуымен өткізуді сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Ерасыл Әубәкіровтің өлімі бойынша күдіктілердің бірінің адвокаты істі алқа билердің қатысуымен өткізуді сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Күдіктілердің бірі Нұрбек Әжімбайдың адвокаты Ерлан Ғазымжанов бұл істі алқа билер соты қарастыруын сұрайтынын мәлімдеді. Оның айтуынша, мұны күдікті мен оның ата-анасы талап етіп отыр. Осыған дейін Нұрбек Әжімбай баласының кінәсіз екенін айтқан болатын. "Менің ұлым керек емес уақытта керек емес жерде болып қалды", - деген еді Нұрбек Әжімбайдың әкесі.


Адвокат Ерлан Ғазымжанов (сол жақта) күдіктінің әкесі Нұрбек Әжімбаймен бірге.

10 тамызда 23 жастағы Ерасыл Әубәкіровтің өліміне қатысты атышулы іс қылмыстық істер бойынша Астана қалалық Мамандандырылған ауданаралық сотына жіберілген болатын. Бүгін сағат 15.00-де сот отырысы жабық түрде өтіп жатыр.


Адвокат Тельман Аленов.

Айта кетейік, қайтыс болған Ерасыл Әубәкіровтің ісімен адвокат Тельман Аленов айналысып жатыр. Бірақ Ерасылдың туыстары алдын ала сот отырысына қатыспайды екен.

"Олардың сот отырысына қатысқысы келетіні немесе қатысқысы келмейтіні жайлы әңгіме болған жоқ. Олар мені сот отырысына адвокат ретінде шақырды", - деді адвокат Тельман Аленов.

23 жастағы студенттің өліміне қатысты істі Асхат Әшірбеков қарайтын болады. Осыған дейіні істі судья Айжан Шаяхметованың қарайтыны хабарланған болатын. 

Еске салайық, биыл 10 ақпанда Астанада медициналық университеттің жоғалып кеткен студенті Ерасыл Әубәкіровтің денесі табылған еді. Мәйітте зорлық белгілері болды. Адам өлтірді деген күдікпен төрт адам ұсталды - Аян Мейірбаев, Андрей Тихоненко, Виталий Шерстенев және Нұрбек Әжімбай.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети