Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Ерасыл Әубәкіровтің өлімі бойынша атышулы іс сотқа жіберілді

10 Тамыз 2016, 16:43
0
Ерасыл Әубәкіров. © Instagram
Ерасыл Әубәкіров. © Instagram

Ерасыл Әубәкіровтың өлімі бойынша іс сотқа жіберілді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астана прокуратурасына сілтеме жасап.

"Е. Әубәкіровті қасақана өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жіберілді", - делінген редакцияның ресми сауалына берілген жауапта.

Өз кезегінде Астана қалалық сотының баспасөз қызметі студенттің өлімі бойынша іс 10 тамызда Ауданаралық қылмыстық істер сотына келіп түскен. Қазіргі кезде тіркеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Істің прокуратураға түскені туралы мәлімет бір апта бұрын белгілі болды. Тергеу жұмыстары жарты жылға созылды. Астанада Медицина Университетінің алтыншы курс студенті, 23 жастағы Ерасыл Әубәкіров 3 ақпанда жоғалып кеткен болатын. Жас жігіттің жоғалып кеткені туралы ақпаратты әлеуметтік желілерге досы Диас жариялаған еді. Әубәкіровтің денесі 10 ақпанда жедел-іздестіру жұмыстарының барысында табылды. Қылмыс жасады деген күдікпен төрт адам ұсталды. Әубәкіров интерн-хирург болған. Студенттің достары оның үздік оқығанын, белсенді болып, қатарластарымен жақсы қарым-қатынаста болғанын атап өтті.

Адам өлтірді деген күдікпен төрт адам ұсталды - Аян Мейірбаев, Андрей Тихоненко, Виталий Шерстенев және Нұрбек Әжімбай. Шілде айының соңында негізгі күдіктілердің бірі саналған Аян Мейірбаевқа қатысты қылмыстық қудалаудың тоқтатылғаны белгілі болды. Ол бостандыққа шықты. Қалған үш күдіктіге қатысты 10 тамызға дейін қамау мерзімін ұзарту туралы шешім шығарылды. Шілде айының басында осы іс бойынша тергеу аяқталды.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай