28 маусым 2016 13:25

Ерасыл Әубәкіровтің өлімі бойынша күдіктінің әкесі баласының кінәсіз екенін айтып отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қайтыс болған Ерасыл Әубәкіров. © Tengrinews.kz Қайтыс болған Ерасыл Әубәкіров. © Tengrinews.kz

Нұрбек Әжімбайдың әкесі Ерасыл Әубәкіровтің өліміне қатысты оның баласының "керек емес кезде керек емес жерде" болғанын айтып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұрбек Әжімбайдың әкесі Ерасыл Әубәкіровтің өліміне қатысты оның баласының "керек емес кезде керек емес жерде" болғанын айтып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сейсенбай Ізмұхановтың айтуынша, оның баласы Нұрбек қайтыс болған Ерасыл Әубәкіровпен таныс болмаған, ол тек осы іс бойынша күдікті Аян Мейірбаевті таниды екен. "Нұрбек әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетін бітірді. Істің басында ол куәгер ретінде қатысып жүрді. Барлық дәлелді полицияға апарды, сонымен қатар видеоны да көрсетті. Ол қылмыс болған үйде болды, бірақ бірінші қабатында. Айғай басталған кезде жоғары қабатқа көтерілген. Содан не істерін білмей, болып жатқан жанжалды видеоға түсіре бастаған. Оның видеоға түсіріп жатқанын көріп, қалғандары соңынан жүгірген. (...) Менің ұлым керек емес уақытта керек емес жерде болып қалды. (...) Ал қазір Нұрбек осы қылмысты ұйымдастырған болып отыр", - деді Сейсенбай Ізмұханов.

Ал Нұрбек Әжімбайдың қорғаушысы Серік Сәрсеновтің пікірінше, бұл істе бірнеше процессуалдық ереже бұзушылық бар. "Онда қылмыс құрамының объектив және субъектив белгілері көрсетілмеген. Қаулыда барлығы жалпылай жазылған. Әр адамның ісі жеке-жеке көрсетілмеген. Бұл адамның өзін қорғау құқығы мен заңды көмек алу құқығын шектеп отыр. (...) Осыған байланысты Нұрбектің ісіне қатысты өндірістің заңды тұрғыда ешқандай күші жоқ", - деді Сәрсенов.

Сонымен қатар, күдіктінің анасы мен қорғаушысы осыған дейін бірнеше рет жергілікті прокуратураға шағым түсірген болатын. Енді заңгер Президент Әкімшілігі мен Бас прокуратураға шағым түсірмекші. Сонымен қатар, Сәрсеновтің айтуынша, оның қорғалушысының ұстанымы өзгерген жоқ: "Оның бұл өлімге еш қатысы жоқ. Бұған барлық дәлел бар".

Айта кетейік, бұл іске қатысы бар тағы бір фигурант Аян Мейірбаев туралы ақпарат жоқ. "Басқа сұрақтар бойынща сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізетін органдарға хабарласу керек", - деді Астана қаласы Алматы аудандық № 2 сотындағылар. Tengrinews.kz редакциясы бұл мәселе бойыншаҚР ІІМ Бас прокуратурасына сауалнама жолдады. "ҚР ІІМ тергеу департаменті, нақтырақ айтқанда тергеу тобының жетекшісі Дүмшебаев А. Мейірбаевты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын алып тастады. Қазіргі уақытта Мейірбаев А. қылмыстық іс бойынша күдікті", - деп хабарлады Астана прокурорының орынбасары Байшолақов. Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Прокуратурадағылар қылмыстық істің өзге мән-жайының тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейтінін мәлімдеп отыр. Айта кетейік, осыған дейін күдіктілер Андрей Тихоненконың, Виталий Шерстеневтің және Нұрбек Әжімбайдың қамаудағы мерзімінің ұзарғаны хабарланған еді. 

Осыған дейін Ерасыл Әубәкіровтің өлімі бойынша істе күдікті Аян Мейірбаевтың кепілақымен босап шыққаны белгілі болған еді. Сонымен қатар, Аян Мейірбаевқа қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылып, оның соттың санкциясы шықпаса да босап шыққаны айтылған болатын.

Еске салайық, 23 жастағы Ерасыл Әубәкіровтің зорлық белгілері бар мәйітін полицейлер 10 ақпанда тапқан болатын. Кісі өлтірді деген күдікпен төрт адам ұсталды. Ерасыл Әубәкіров елордадағы медициналық университеттің алтын курсының студенті еді. Ол 3 ақпанда үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Келесі күні оның жоғалғаны жайлы хабарды достары таратты. Сонымен қатар, Ерасыл Әубәкіровтің өлімі бойынша істе күдікті Аян Мейірбаев кепілақымен босап шыққан болатын. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети