Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Ерасыл Әубәкіровтің өлімі бойынша іс 22 тамызда қаралады

11 Тамыз 2016, 17:47
0
© Tengrinews.kz
© Tengrinews.kz

Ерасыл Әубәкіровтің өліміне қатысты істі судья Айжан Шаяхметова қарайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана қалалық сотының сайтында атышулы іске байланысты өтетін сот отырысы жайлы жарияланған болатын. Сот отырысы биыл 22 тамызда өтеді. Сот алдына Ерасыл Әубәкіровті өлтірді делінген күдіктелер: Нұрбек Әжімбай, Виталий Шерстенев пен Андрей Тихоненко келеді. Ал бұл істі судья Айжан Шаяхметова қарайтын болады.

Еске салайық, Астанада Медицина Университетінің алтыншы курс студенті, 23 жастағы Ерасыл Әубәкіров 3 ақпанда жоғалып кеткен болатын. Жас жігіттің жоғалып кеткені туралы ақпаратты әлеуметтік желілерге досы Диас жариялаған еді. Әубәкіровтің денесі 10 ақпанда жедел-іздестіру жұмыстарының барысында табылды. Қылмыс жасады деген күдікпен төрт адам ұсталды. Әубәкіров интерн-хирург болған. Студенттің достары оның үздік оқығанын, белсенді болып, қатарластарымен жақсы қарым-қатынаста болғанын атап өтті.

Ал кеше, 10 тамызда Әубәкіровтің өлімі бойынша атышулы іс сотқа жіберілді. Е. Әубәкіровті қасақана өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жіберілді", - делінген редакцияның ресми сауалына берілген жауапта. Өз кезегінде Астана қалалық сотының баспасөз қызметі студенттің өлімі бойынша іс 10 тамызда Ауданаралық қылмыстық істер сотына келіп түскен. Қазіргі кезде тіркеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай