Біржан Нұрымбетов еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Біржан Нұрымбетов еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды Біржан Нұрымбетов. Фото: fprk.kz

Біржан Нұрымбетов еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


"Біржан Бидайбекұлы Нұрымбетов Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалсын", - делінген Жарлықта.

Біржан Нұрымбетов - 1968 жылы 19 наурызда Жамбыл облысы Луговой ауданы Абай атындағы ұжымшарда туған. Қазақ. Анасы - Тұяқбаева Тамара Әлімқызы, зейнеткер, ауылдық орта мектепте математика мұғалімі болған. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің "Механика және қолданбалы математика" факультетін (1993) механик, математик-қолданбашы мамандығы бойынша; Алматы экономика және статистика академиясының "Қаржы" факультетін (2006) қаржы мамандығы бойынша бітірген. Қазақ және орыс тілдерін біледі.

"Нұр Отан" ХДП мүшесі (2008 жылдан). 1993 жылдан - Жамбыл қаласы Салық инспекциясы салық инспекторы, ҚҚС бөлімінің бастығы, салық төлву шілермен жұмыс және ұйымдастыру жұмысы бөлімінім бастығы. 1996 жылдан - Жамбыл облысы әкімінің біріііпи орынбасарының кеңесшісі. 1997 жылдың наурызынан - Жамбыл облысы әкімі аппаратының халықты әлеуметтік қорғау секторының меңгерушісі. 1997 жылдың тамызынан - Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы Жамбыл облыстық филиалының директоры; 2008 жылдан - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің терағасы. 2009 жылдың наурызынан - ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметтерін атқарған.

"Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл" (2001), "Қазақстан Конституциясына 10 жыл" медальдарымен (2005) марапатталған. Әскери атағы - запастағы аға сержант.

Читайте также

Валюта бағамы

 466.22   532.57   5.95 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +18
Астана +18
Ақтау +25
Ақтөбе +19
Атырау +26
Б
Балқаш +18
Ж
Жезқазған +16
Қ
Қарағанды +18
К
Көкшетау +18
Қ
Қостанай +24
Қызылорда +19
П
Павлодар +19
Петропавл +18
С
Семей +21
Т
Талдықорған +19
Тараз +22
Түркістан +22
О
Орал +19
Ө
Өскемен +21
Ш
Шымкент +19

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер