04 қаңтар 2020 16:56

Бірнеше облыста көктайғаққа байланысты ескерту жарияланды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengrinews.kz Tengrinews.kz

Бірнеше облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазгидромет РМК орталығына сілтеме жасап.


Бірнеше облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазгидромет РМК орталығына сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, жақын уақытта Қостанай облысында тұман түсіп, көктайғақ болады, боран соғады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді. 4 қаңтар мен 5 қаңтар аралығында Қызылорда облысында тұман сейілмейді, көктайғақ болады.

Сондай-ақ, бүгін Ақмола облысына да ескерту жарияланды, өңірге тұман түсіп, боран соғып, желдің жылдамдығы секундына 20 метрге дейін жетеді.

Бүгін Түркістан облысында да тұман түсіп, көктайғақ болады. "ҚазАвтоЖол" ҰК мәліметі бойынша, көліктің барлық түрі үшін екі жол учаскесінде қозғалыс жабылды: "Үшарал-Достық" тас жолының 83-184 шақырымында, Көктума-Достық және "КТ-28" жолының 0-32 шақырымында Тимирязев-Сарыкөл-Қостанай облысының шекарасы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети