Бірнеше себебі бар: премьер-министр депутаттардың сынына жауап берді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:t.me/KZgovernment Фото:t.me/KZgovernment

Премьер-министр Олжас Бектенов өз министрлер кабинетінің жұмысына, сондай-ақ экономикалық көрсеткіштердің жеткіліксіздігіне қатысты депутаттар сынына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Премьер-министр Олжас Бектенов өз министрлер кабинетінің жұмысына, сондай-ақ экономикалық көрсеткіштердің жеткіліксіздігіне қатысты депутаттар сынына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін үкімет Парламентте 2023 жылға арналған республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп берді. Кейбір депутаттар министрлер кабинетін сынға алды.

Олжас Бектенов Президенттің экономиканың өсуі жөніндегі тапсырмаларын еске салып, көрсеткіштерге әлі қолжеткізілмеу себептерін атап өтті.

"Мұндай өсу қарқынын қамтамасыз етуге бірнеше параметрлер кедергі келтіруі мүмкін: бұл күрделі геосаяси жағдай және сауда серіктестеріміздің нарығындағы жағдай. Бірақ соған қарамастан, Үкімет алға қойған мақсатқа жету үшін барлық резервтік мүмкіндікті шоғырландырады", - деді ол.

Бұл ретте премьер-министр табысты салаларды да атап өтті. Бұл - құрылыс, көлік-логистика, байланыс.

"Біз қазір саудада көрсеткіштердің біршама төмендегенін көріп отырмыз. Бұл, әрине, су тасқыны мен басқа компоненттердің салдары, бірақ бұл көрсеткіштерді біртіндеп тұрақтандырамыз. Біздің болжамымыз бойынша, экономикамыздың кейбір салалары өсу үшін үлкен әлеуетке ие болады. Бұл құрылыс, инфрақұрылым, жөндеу жұмыстары, сондай-ақ өңдеу саласы. Үкімет бұл салаларды ауқымды түрде қолдайды", - деді Бектенов.

Атап айтқанда, "Бәйтерек" холдингі арқылы экономика үшін басым жобаларды қаржыландыруға 3 триллион теңге инвестиция тарту жоспарланған. "Самұрық-Қазына" қоры есебінен 700 миллиард теңге бөлінеді.

18 миллион шаршы метр тұрғын үй салу және 12 мың шақырым жолды қайта жаңарту жоспарланған. Газ тасымалдау жүйесін жаңғырту шеңберінде шамамен 1800 шақырым газ құбырлары салынып, 300 мың адамға 87 елді мекен қосымша газдандырылады.

"Егер ауыл шаруашылығы бағытына тоқталсақ: осы саланы қаржыландыруды 4 есе арттырамыз. Яғни, 540 миллиард теңге ауыл шаруашылығы өндірушілерімізге бағытталады. Жалпы, отандық өндірушіні қолдау үкімет үшін өте маңызды және негізгі тірек нүкте болып табылады", - деп толықтырды премьер-министр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 498.4  course up  519.76  course up  5.47  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer