Біріншілік иммунитет тапшылығының он белгісі. Маман кеңесі

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Сурет: Арай Батырбаеваның жеке мұрағатынан Сурет: Арай Батырбаеваның жеке мұрағатынан

Біріншілік иммунитет тапшылығы (БИТ) - генетикалық ақаулардан туындаған иммундық жүйенің сирек, бірақ ауыр сырқаттары тобы.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Біріншілік иммунитет тапшылығы (БИТ) - генетикалық ақаулардан туындаған иммундық жүйенің сирек, бірақ ауыр сырқаттары тобы.

Аталмыш сырқаттардың нәтижесінде ағза инфекциялармен тиімді күресе алмай, өмір сапасы айтарлықтай төмендейді, ал кейбір жағдайларда науқастың өміріне қауіп төнеді.

Бүкіл дүние жүзінде шамамен 10 000 адамның біреуі БИТ сырқатына шалдыққан. Бірақ бұл көрсеткішке "анықталмаған" жағдайлар кірмейді. Сонымен қатар сырқаттың таралғыштығы әр елде әртүрлі және бірқатар елде орташа деңгейден жоғары.

Алматы қ. Республикалық аллергология орталығының басшысы Арай Батырбаева біріншілік иммунитет тапшылығына ерте диагностика жасаудың денсаулыққа келетін ауыр зардаптардың алдын алудағы маңызы мен басты рөлі туралы әңгімелейді. Маманның айтуынша, уақытылы анықтау және емдеу инфекциялық асқынуларды азайтуға, ішкі ағзалардың ауыр зақымдануын болдырмауға, сонымен қатар науқас пен оның отбасының өмір сапасын жақсартуға мүмкіндік береді екен. Ерте диагностиканың басты мәні - науқастың өмірін сақтап қалу.

БИТ симптомдары ертен жастан-ақ пайда болуы мүмкін (науқастардың 70%-дан астамына диагноз 20 жасқа дейін қойылған), бірақ кейде диагноз тек ересек жаста ғана қойылады. Ең жиі кездесетін белгілері: қайталана беретін инфекциялар (пневмония, синусит, отит), ұзақ жазылмайтын жаралар, балалардың өсуі мен дамуының баяулауы, созылмалы қабыну аурулары, аутоиммундық бұзылыстар, антибиотиктермен емдеудің тиімсіздігі.

Маман әрбір ата-ана білуі тиіс, БИТ белгілері болуы мүмкін он жайтты атап өтті.

  • Балаңызда бір жылда 4 реттен астам жаңа құлақ инфекциясы болса,
  • Бір жылда 2 реттен астам ауыр мұрын қуысы инфекциясы болса,
  • Балаңыз 2 айдан астам антибиотик қабылдаса, бірақ әсері болмашы болса
  • Бір жылда 2 реттен астам пневмониямен ауырса,
  • Балаңыздың бойы мен салмағы құрдастарынан артта қалса,
  • Терінің немесе мүшелердің қайталана беретін терең абсцесстері болса,
  • Ауыз қуысы үнемі уылса немесе теріні зең басса,
  • Инфекцияны шектеу үшін көктамырға антибиотик салу қажет болса,
  • 2 реттен астам терең инфекциялар, соның ішінде сепсис болса,
  • Отбасында бұрын біріншілік иммунитет тапшылығы болса.

"БИТ диагнозы расталса, иммуноглобулиндермен алмастыру терапиясын қолдануға болады", - деп атап өтті Арай Батырбаева.

Маңызды: Егер өзіңізден немесе жақындарыңыздан аталған белгілердің бірін тапсаңыз, дереу дәрігерге барыңыз.

Есіңізде болсын, ерте диагностика науқасқа дұрыс ем тағайындауға мүмкіндік береді, демек, сапалы өмір сүруін қамтамасыз етеді.

Tengrinews
Жарнамалық материал
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 496.04  course up  517.04  course up  5.48  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer