13 наурыз 2020 16:24

Біртанов: "Б" жоспары іске қосылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов үкіметің "Б" жоспары іске қосылғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов үкіметің "Б" жоспары іске қосылғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Б" жоспары іске қосылды. Елде коронавирус жұқтырғандар анықталды. Сондықтан халықтың қауіпсіздігі үшін, ең алдымен науқастардың қауіпсіздігі үшін шаралар қолданылады. Олар бекітілген санитарлық стандарттар мен алгоритмдерге сәйкес науқастармен байланысқан тұлғаларды іздеп, оларды оқшаулайды", - деді министр. 

Министр қажет жағдайда шектеу шаралары қолданылатынын айтты. 

"Кеше Мемлекет басшысының қаулысына сәйкес, Қазақстандағы адам көп жиналатын барлық шараға тыйым салынды. Біз жағдайды бақылауда ұстаймыз, қажет жағдайда әкімдік және үкімет деңгейінде шара қолданамыз", - деген еді Біртанов. 

Бұған дейін Біртанов елде коронавирус тіркелген жағдайда үкіметте "Б" жоспары барын хабарлаған.

Министрлік коронавирус жұқтырған екі қазақстандықпен байланыста болғандарды іздестіріп жатыр

Еске салайық, Қазақстанда бірінші коронавирус жұқтыру дерегі тіркелді. Коронавирус жұқтырған қазақстандық елге Германиядан 9 наурызда келген. Онымен бірге ұшып келген 73 жолаушы карантинге жатқызылады. Коронавирус жұқтырған 1974 жылғы ер адам және 1984 жылғы әйел адам екені белгілі болды. Науқастар жұқпалы аурулар стационарына жатқызылды. Оларда аурудың клиникалық белгілері әзірге жоқ. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети