13 наурыз 2020 15:49

Біртанов коронавирусты судья жұқтырды деген ақпарат туралы пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде коронавирус жұқтырған қазақстандық Нұр-Сұлтан қаласының сот қызметкері екені туралы ақпарт тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Желіде коронавирус жұқтырған қазақстандық Нұр-Сұлтан қаласының сот қызметкері екені туралы ақпарт тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министр Елжан Біртанов бұл ақпаратты растамады, алайда Желідегі хабарды да жоққа шығармады. 

"Елге келетін азаматтардың немен айналысатынынан бейхабармыз, сондықтан мен ондай ақпаратты естіген жоқпын. Дерек бойынша, СІМ мәліметінше, Германиядағы бір қазақстандық, зертхана сараптамасын біз көрген жоқпыз, бірақ коронавирус анықталған. Сондықтан ол адаммен байланыста болған адамдар карантинге жатқызылды. Вирустың тарау тізбегі тоқтатылды. Барлық адам карантинде", - деді Біртанов ОҚК брифингінде. 

Коронавирус жұқтырған қазақстандықтар қай қалада?

Еске салайық, Қазақстанда бірінші коронавирус жұқтыру дерегі тіркелді. Коронавирус жұқтырған қазақстандық елге Германиядан 9 наурызда келген. Онымен бірге ұшып келген 73 жолаушы карантинге жатқызылады. Коронавирус жұқтырған 1974 жылғы ер адам және 1984 жылғы әйел адам екені белгілі болды. Науқастар жұқпалы аурулар стационарына жатқызылды. Оларда аурудың клиникалық белгілері әзірге жоқ. 

Министрлік коронавирус жұқтырған екі қазақстандықпен байланыста болғандарды іздестіріп жатыр

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети