13 наурыз 2020 17:21

"Тілектес Бәрпібаев еңбек демалысында". Сот коронавирус туралы қауесетке пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қызметі Желіде сот төрағасының коронавирус жұқтырғаны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қызметі Желіде сот төрағасының коронавирус жұқтырғаны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Нұр-Сұлтан қалалық сотының төрағасы Тілектес Бәрпібаев ақпан айының соңынан бері еңбек заңнамасы бойынша еңбек демалысында", - деді соттың баспасөз қызметі.

Еске салайық, мұның алдында Желіде коронавирус жұқтырған қазақстандықтың Нұр-Сұлтан қаласының сот қызметкері екені туралы ақпарат тараған еді. Алайда министр Елжан Біртанов бұл мәліметті растамаған еді.

"Елге келетін азаматтардың немен айналысатынынан бейхабармыз, сондықтан мен ондай ақпаратты естіген жоқпын. Дерек бойынша, СІМ мәліметінше, Германиядағы бір қазақстандық, зертхана сараптамасын біз көрген жоқпыз, бірақ коронавирус анықталған. Сондықтан ол адаммен байланыста болған адамдар карантинге жатқызылды. Вирустың тарау тізбегі тоқтатылды. Барлық адам карантинде", - деген еді Біртанов брифингте.

Айта кетейік, бүгін Қазақстанда бірінші коронавирус жұқтыру дерегі тіркелді. Коронавирус жұқтырған қазақстандық елге Германиядан 9 наурызда келген. Онымен бірге ұшып келген 73 жолаушы карантинге жатқызылады. Коронавирус жұқтырған 1974 жылғы ер адам және 1984 жылғы әйел адам екені белгілі болды. Науқастар жұқпалы аурулар стационарына жатқызылды. Оларда аурудың клиникалық белгілері әзірге жоқ. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети