06 қараша 2020 13:44

"Біртанов күресуге ниетті" - денсаулық сақтау экс-министрінің қорғаушысы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Тұрар Қазанғапов ©/TENGRINEWS Фото Тұрар Қазанғапов ©/TENGRINEWS

Ұсталған денсаулық сақтау экс-министрі Елжан Біртановтың қорғаушысы бұрынғы шенеуніктің алдағы жоспарын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ұсталған денсаулық сақтау экс-министрі Елжан Біртановтың қорғаушысы бұрынғы шенеуніктің алдағы жоспарын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жалғасы

Адвокат Дмитрий Куряченконың айтуынша, Елжан Біртанов "өтірікке қарсы, шындық үшін" күреседі.

"Ол өтірікке қарсы, шындық үшін күресуге ниет білдіріп отыр. Өзіне әділетсіздік жасалғанын сезіп отыр. Елжан Біртанов суық және жабық қабырғалардың артынан адамдардың қолдауын сезеді, олардың жылуы мен ыстық лебізін естиді. Әрбір жанға алғыс айтады", - деді қорғаушы.

Дмитрий Куряченко Біртановты ұстау туралы шешімге шағым түсіретінін атап өтті. 

Еске салайық, бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен ұсталған болатын. Оған қатысты сот күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. 

Біртанов денсаулық сақтау министрі қызметінен 25 маусымда босатылды. Ол өзінің отставкаға кетуін коронавирус жұқтырғанымен түсіндірге болатын. 

Кеше, 5 қарашада Желіде экс-министр Біртановты қолдау акциясы басталды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети