30 қыркүйек 2016 10:20

Бұдан тура 24 жыл бұрын Дүниежүзі қазақтарының бірінші Құрылтайы өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© qazaq-alemi.kz © qazaq-alemi.kz

Ақорданың баспасөз қызметі бұдан тура 24 жыл бұрын Дүние жүзі қазақтарының бірінші құрылтайы өткенін еске салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Ақорданың баспасөз қызметі бұдан тура 24 жыл бұрын Дүние жүзі қазақтарының бірінші құрылтайы өткенін еске салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Баспасөз қызметі Facebook желісіндегі парақшасында Дүние жүзі қазақтарының алғашқы құрылтайының салтанатты ашылуында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сөйлеген сөзін келтіріп, тарихи сурет жариялады. 

"Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы астанасы - Алматы қаласында, асқар Алатау баурайында 1992 жылғы 30 қыркүйекте өткен сол Дүние жүзі қазақтарының алғашқы құрылтайының салтанатты ашылуында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сөз сөйлеп, алқалы жиынға келген ағайынға: "Төрткүл дүниенің түкпір-түкпірінен қарлығаштай ұшып келген көңілдеріңіз үшін, қайда жүрсеңіздер де атамекен мен атажұртқа деген сағыныш пен сүйіспеншілікке толы перзенттік пейілдеріңізді сақтағандарыңыз үшін ризашылық білдіреміз", - деп ыстық ықыласын білдірген болатын. Бүкіл әлемге тарыдай шашыраған қазақ қауымының талайлы тағдырын талдап, алдағы болашағын байыптап, ұлтымыздың өміріндегі өзекті мәселелерді талқылаған осы айтулы шараның тарихи бір сәтінің көрінісін бүгін назарларыңызға ұсынып отырмыз", - делінген жарияланымда.


© Ақорданың баспасөз қызметі

Еске салайық, 1992 жылы Қазақтардың 1-нші Дүниежүзілік құрылтайы Алматыда өткізілген еді. Құрылтайға алыс және жақын шет мемлекеттерден, соның ішінде Түркия, Алмания, Франция, Норвегия, Моңғолия, Қытай, Аустрия және басқа 33 елдерден 800-ден астам өкіл қатысты.

Құрылтай күн тәртібіндегі (Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығын құру, оның жарғысын қабылдау, басшы органдарын сайлау мәселелерді) талқылады. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төрағасы етіп сайлау туралы ұсыныс бірауыздан қабылданды. Қазақстан жазушылар одағы басқармасының бірінші хатшысы Қалдарбек Найманбаевтөрағаның бірінші орынбасары болып сайланды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети