14 қазан 2019 10:00

Бүгін ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Pixabay.com © Pixabay.com

Синоптиктер 2019 жылы 14 қазанда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.


Синоптиктер 2019 жылы 14 қазанда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Қазақстанның басым бөлігінде фронтальді бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы күтіледі, кей жерлерде жаңбыр жауады, оңтүстікте найзағаймен, жел күшейеді, оңтүстік-батыста шаңды дауылмен. Республиканың кей жерлерінде тұман күтіледі.

"Солтүстік Қазақстан облысының түнде кей жерлерінде жел секундына 15-20 метр, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні секундына 25 метр күшейеді, кей жерлерде тұман күтіледі. Ақмола облысының түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде жел секундына 15-20 метр күшейеді, түнде және таңертең - тұман. Жамбыл облысының таңертең және күндіз кей жерлерінде жел 15-20, екпіні секундына 23-28 метр күшейеді, күндіз кей жерлерде найзағай күтіледі. Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі, жел секундына 15-20 метр күшейеді, Түркістан облысының кей жерлерінде-дауыл. Күндіз Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауылмен жел секундына 17-22 метр күшейеді. Алматы, Атырау, түнде Батыс Қазақстан облыстарында тұман бақыланады. Қостанай, Ақтөбе, күндіз Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метр күшейеді, Қостанай облысының кей жерлерінде тұман бақыланады. Қарағанды облысының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метр күшейеді, түнде және таңертең тұман, күндіз найзағай күтіледі", - делінген хабарламада.

Түркістан облысының басым бөлігінде, Қызылорда облысының шығысында, Қарағанды облысының батыс және оңтүстік-шығыс бөлігінде, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік бөлігінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.08   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети