20 ақпан 2021 | 16:43

"Бүкіл елді есеңгіреткен қайғылы оқиға" - Сапарбаев Жамбыл облысындағы 5 баланың қазасы туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық фото: Tengrinews.kz Иллюстрациялық фото: Tengrinews.kz

Жамбыл облысының басшысы Бердібек Сапарбаев Facebook-тегі парақшасында Сарысу ауданы Жаңатас қаласында бес баланың өмірін қиған қайғылы оқиғаға қатысты жазба жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Жамбыл облысының басшысы Бердібек Сапарбаев Facebook-тегі парақшасында Сарысу ауданы Жаңатас қаласында бес баланың өмірін қиған қайғылы оқиғаға қатысты жазба жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айтуынша, қайғылы оқиға бүкіл елді есеңгіретті.

"Жаңатастағы үйлердің бірінен өрт шығып, бес бірдей бейкүнә бала ажал құшты. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін облыс әкімінің орынбасары Ұлан Жазылбектің төрағалығымен арнайы комиссия құрылды. Оқиға орнына облыс прокуроры Н. Әбдіров, Полиция департаментінің басшысы Ж. Сүлейменов, ТЖД басшысы Е. Момбаев аттанды", - деді ол.

Сапарбаев мәселені жеке бақылауына алғанын айтты. 

"Қара жамылған отбасыға қажетті психологиялық, материалдық көмек көрсетілуде. Мәселе менің жеке бақылауымда. Көз жұмған балалардың жақындарына Алла Тағала сабыр берсін. Қайғыларына ортақтасып көңіл айтамын", - деп жазды әкім.

Еске салайық, кеше, 19 ақпанда Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңатас қаласында өрттен бес бала қаза тапты. Пәтерде 2015, 2016, 2017, 2019 және 2020 жылдары туған бес бала болған, олар ересектердің қарауынсыз қалған.

Бүгін бес бала қаза тапқан өрттің алдын ала себептері айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети