Бұл орны толмас қаза - Мұхамедиұлы Ту-154 апаты жайлы

26 Желтоқсан 2016, 11:01
0
Бұл орны толмас қаза - Мұхамедиұлы Ту-154 апаты жайлы - © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Ту-154 апатына байланысты Ресейге көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қара теңізге құлаған ұшақтан қаза тапқандардың отбасына көңіл айтамын. Адамдардың апаттан қаза табуы - өте қайғылы жағдай, ондай хабар ерекше күйзеліспен қабылданады. Әуе апатына ұшыраған жолаушылардың барлығы дерлік біз жақсы білген адамдар. Қаза тапқандардың басым бөлігі - Александров атындағы ансамбльдің қатысушылары. Ғасырға жуық тарихы бар әскерилерден құралған музыканттар. Александров атындағы академиялық ансамбль - Ресейдегі үлкен топтардың бірі. Ансамбльдің ұйымдастырушысы әрі музыкалық басшысы - Чайковский атындағы Мәскеу консерваториясының профессоры, генерал-майор Александр Васильевич Александров. Ансамбль 1941 жылдың 26 маусымында Беларусь вокзалында алғаш рет "Священная война" әнін орындап шыққан болатын. 1949 жылы ансамбльге оның негізін салған А.В. Александровтың есімі берілді. Александров Югославия, Ауғанстан елдерінде өнер көрсеткен. Олардың Сирияға сапары топтың әдеттегі сапарларының бірі болатын", - деп жазды министр Facebook желісіндегі парақшасында.

Оның айтуынша, аты аңызға айналған ансамбль мүшелері әскерлер қиын жағдайларға түскенде, оларға үнемі қолдау көрсететін. Солардың соңынан баратын. "Ансамбль мәдени мәмілегерлікпен айналысатын. Олар көрермендер үшін барын салып, өздерінің дарынын көрсететін. Бұл орны толмас қаза", - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Еске салайық, РФ Қорғаныс министрлігінің ұшағы жексенбіде, 25 желтоқсанда таңғы уақытта апатқа ұшыраған болатын. Лайнердің бортында 92 адам болған. Олардың ішінде, Александров атындағы ансамбльдің 68 музыканты, БАҚ-тардың 9 өкілі ("Звезда" телеарнасы, НТВ және Первый канал), алып келе жатқан 6 адам және экипаждың 8 мүшесі бар.

РИА Новости мәліметінше, Ту-154 ұшып шыққаннан кейін жеті минут өткенде апатқа ұшыраған. Ұшақ Қара теңіздің Анапа жағалауына жақын маңда құлаған. Лайнердің қирандысы бір жарым шақырымға шашылған, олар 50-100 метр тереңдікте. Осыған байланысты 26 желтоқсан - Ресейде жалпыұлттық қаралы күн болып жарияланды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай