Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

"Бурабайды" кім күзетеді. "Chevrolet-мен бірге республика мақтаныштарына" жобасы 20 қаңтар 2022, 14:06

Бұл - Chevrolet мен Tengrinews бірге бастаған "Республика мақтанышы" жобасының төртінші шығарылымы, біз онда "Бурабай" ұлттық табиғи саябағы
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Бұл - Chevrolet мен Tengrinews бірге бастаған "Республика мақтанышы" жобасының төртінші шығарылымы, біз онда "Бурабай" ұлттық табиғи саябағы туралы айтамыз. Бұл керемет ормандары мен емдік көлдері бар, керемет әрі тартымды жері. Қазақстанның осындай бірегей жерін кім қорғайтыны туралы толығырақ сюжетімізден көре аласыздар.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған "Республика мақтанышы" жобасы - Қазақстанның бірегей жерлері және олармен байланысты адамдар туралы шағын танымдық деректі фильмдер топтамасы.

"Бурабай" ұлттық табиғи саябағы - Қазақстанның інжу-маржаны. Ол бірегей табиғатымен және ерекше ландшафтымен танымал. Оны жұрт Қазақстандағы кішкентай Швейцария деп атайды. Бурабай ұлттық саябағы 130 мың гектарға жуық аумақты алып жатыр: бұл асқақ таулар, мөлдір көлдер, қылқанды және жалпақ жапырақты ормандар. Сондай-ақ, саябақта бірегей жануарлар мекендейді. Бұрын саябаққа Аскания бұғылары әкелініп, олар сол жақты әлі де мекен етіп жүргенін білесіз бе?

Шығарылымымыздың кейіпкері - ұлттық саябақтың орманшысы Бауыржан Махметов. Ол Бурабайды шетсіз-шексіз қазақ даласының ішіндегі шұрат деп атайды. "Әкем - Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген орманшысы. Бала кезімнен әкеммен бірге үнемі орманда болдым. Сондықтан табиғатқа деген сүйіспеншілік пайда болып, мектепте жүргенде-ақ әкемнің жолын қуамын деп шештім. Соның арқасында менде табиғатқа деген сүйіспеншілік пайда болды, тіпті мектеп қабырғасында жүргенде де осы ұлттық саябақта жүремін деп шештім. Біздің негізгі міндетіміз - ата-бабамыздан қалған осы бірегей саябақты бұрынғы қалпында сақтау", - деді орманшы.

Ал бұл Мақтанышқа жеті орынды толық өлшемді Chevrolet Traverse кроссовері барды.

Еске салайық, "Chevrolet-мен бірге республика мақтаныштарына" жобасының әр бөлімінде ел мақтанышы саналатын ең көрікті жерлер мен нысандар баяндалады. Ал әр нысанға еліміздегі танымал Chevrolet автомобиль брендінің модельдерінің бірі барады. Алғашқы шығарылым сәулет өнерінің жауһары - Түркістанда орналасқан Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне арналды. Ал екінші шығарылымда Асы-Түрген обсерваториясы туралы айтылды. Үшінші шығарылымда еліміздің бас қаласы туралы, дәлірек айтсақ, оны қалай және кім жобалағаны туралы айттық. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram