1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Бұрынғы қорғаныс министрінің ағасы Серік Ермекбаев қайтыс болды 25 қазан 2021, 11:10

Президент Әкімшілігі мен КСРО Сыртқы барлау қызметінің бұрынғы қызметкері, бұрынғы қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың ағасы Серік Ермекбаев
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Серік Ермекбаев Серік Ермекбаев

Президент Әкімшілігі мен КСРО Сыртқы барлау қызметінің бұрынғы қызметкері, бұрынғы қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың ағасы Серік Ермекбаев жетпіс төрт жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол 1948 жылы 23 мамырда атақты ұстаз Байұзақ Ермекбаев пен зайыбы Сәбираның отбасында дүниеге келген.

Серік Ермекбаевтың балалық және жастық шағы Шымкентте өткен. МҚК жоғары мектебін үздік бітіріп, КСРО Сыртқы барлау қызметінің қызметкері болған.

Кейін оны Таяу Шығысқа жіберген. Ол АҚШ-тың "Шөлдегі дауыл" әскери операциясы кезінде Иракта болып, ел мүддесін қорғаған, содан кейін Кувейт пен Тунисте жұмыс істеген.

Марқұмның туыстарының айтуынша, ол атақты саясаткер Ясер Арафатпен дос болған, кеңес әскерлерін ауған тұтқынынан босатуға көп күш салған.

Ұзақ шетелдік іссапардан оралған соң, беделді қызметке орналасу және Мәскеуде қалу туралы ұсынысқа қарамастан, Серік Ермекбаев отбасымен бірге Қазақстанда тұрып, жұмыс істеуге шешім қабылдаған.

Ол ел басшылығының шақыруымен бірнеше жыл Президент Әкімшілігінде халықаралық бөлімді басқарды.

20 жылдан аса уақыт бойы ол ірі бизнес-құрылымдарда, әлемге әйгілі компаниялардың өкілдігінде басшылық қызмет атқарған. 2016 жылы Серік Байұзақұлы зейнеткерлікке шыққан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram