15 мамыр 2021 15:04

Бұрынғы министр вакцинация төлқұжатынан қате тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz Фото: Tengrinews.kz

Бұрынғы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов вакцинация төлқұжатынан қате тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бұрынғы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов вакцинация төлқұжатынан қате тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Руслан Дәленов Twitter-дегі парақшасына төлқұжат суретін жүктеді. Онда коронавирус сөзі "о" әрпімен "короновирус" деп жазылған.

"Осындай төлқұжат. Шетелдік достарымызға осыны көрсетеміз", - деп жазған ол.

Айта кетейік, бұрынғы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов қазір Еуразиялық даму банкі басқарма төрағасының орынбасары.

Вакцинацияның электрон төлқұжаты дегеніміз - вакцинаның медициналық тарихы. Бұл вакцина қабылдайтын халықты бақылау және мониторинг жүргізу үшін денсаулық сақтау саласындағы негізгі модуль (функционалдылық). Паспорттың жұмыс қабілеті медицина қызметкерлері үшін Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық ресурстары арқылы, ал пациенттер үшін - eGov Mobile мобильдік қосымшасын пайдалану арқылы іске асады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети