05 мамыр 2021 14:24

Бұрынғы вице-министр Дәуленов Нархоз президенті болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мирас Дауленов. Фото: Primeminister.kz Мирас Дауленов. Фото: Primeminister.kz

Мирас Дәуленов Нархоз университетінің президенті - басқарма төрағасы болды. Бұл туралы ЖОО сайтындағы хабарламада жазылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мирас Дәуленов Нархоз университетінің президенті - басқарма төрағасы болды. Бұл туралы ЖОО сайтындағы хабарламада жазылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Нархоз университеті" КЕАҚ директорлар кеңесінің шешімімен президент - университет басқармасының төрағасы лауазымына Дәуленов Мирас Мұхтарұлы бекітілді", - делінген хабарламада.

4 мамырда Мирас Дәуленов білім және ғылым вице-министрі қызметінен кеткені белгілі болды. Бұл лауазымда ол 2019 жылдың желтоқсанынан бастап жұмыс істеді.

Мирас Дәуленов 1983 жылы Өскеменде дүниеге келген. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін, Вроцлав университетін тәмамдаған, құқықтану магистрі, құқық саласындағы доктор (PhD).

Еңбек жолын 2003 жылы бастаған. Әртүрлі жылдары заңгер ретінде жеке секторда жұмыс істеген.

2012 жылғы тамызда "Қазақ Гуманитарлық Заң университеті" АҚ Халықаралық құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының меңгерушісі лауазымына тағайындалды.

2015-2018 жылдары - М. С. Нәрікбаев атындағы ҚазГЗУ университетінің С. Зиманов атындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер Академиясының директоры – Басқарма Төрағасының орынбасары.                    

2018 жылдан бастап 2019 жыл аралығында -  М. С. Нәрікбаев атындағы ҚазГЗУ университетінің С. Зиманов атындағы құқықтық және экономикалық зерттеулер Академиясының директоры.

2019 жылдан қазіргі уақытқа дейін - М. С. Нәрікбаев атындағы ҚазГЗУ университетінің ректоры болды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети