Бас прокурор шетелде жұмыс істеген прокурорлар мен тергеушілердің негізгі қателіктерін атап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бас прокурор шетелде жұмыс істеген прокурорлар мен тергеушілердің негізгі қателіктерін атап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жақып Асановтың айтуынша, құзырлы органдардың қызметкерлері жымқырылған ақшаны іздеу орнынына түрлі қағаздарды толтырып, оны тіркеумен айналысуға мәжбүр.
"Біздің қателік күшіміздің бәрін о бастан бюрократияға жұмсаймыз. Жымқырылғанды тауып, әрбір іс бойыша күдіктілер бой тасалап қалмау үшін бәрін істеу орнына қандайда бір қағаздарды толтырып, құжаттарды тіркейміз", - дейді Жақып Асанов.
"Біріншіден, шетелдік стандарт бойынша халықаралық сұраныстарды толтыра алмаймыз. Біздің тергеушілердің жазғаны француз, неміс немесе ағылшын тілдеріне аударылғанда сандырақ болып шығады. Мен бас прокурор ретінде шетелдік әріптестерімнен бірнеше хат алдым. Олар біздің мәтіндерді, құжаттарды түсінбейтіндігіне шағымданады. Бұл құжаттар кімге қажеттірек? Әрине бізге. Сондықтан біз шетелдік әріптестеріміз бізді жеңіл түсініп, біз күткендей әрекет етуіне қол жеткізуміз керек. Бұл оңай емес, бірақ істеуге келеді. Екіншіден, әлемдік стандарттар мен өзге елдердің талаптарын есепке алмаймыз. Әрине бұл тергеушілер мен прокурорларға ауыр, оларды бұған үйретпеді. Өздігінен үйрену қиын, бізде жеке әдістемелік база жоқ", - дейді Асанов ұрланған активтерді шетелден қайтаруға арналған дөңгелек үстел барысында айтқан сөзінде.
Мұның алдында Жақып Асанов Қазақстанда құқық қорғау органдары қаржылық қылмысты нашар тергейтіндігін айтып өткен. Бас прокурордың ойынша, қаржылық қылмыс жасаушылар ақылды, техникалық білімі бар, тезірек ойлайды және алдын бірнеше қадамға болжап қояды.