Cағынтаев пойыз апатына қатысты тергеуді өз бақылауына алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Cағынтаев пойыз апатына қатысты тергеуді өз бақылауына алды © primeminister.kz

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Шудағы пойыз апатынан қаза тапқан және зардап шеккендердің жақындары мен туыстарына көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Шудағы пойыз апатынан қаза тапқан және зардап шеккендердің жақындары мен туыстарына көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет басшысы теміржол басшылығына Қарағанды облысы әкімдігімен біріге отырып қаза болған жасөспірімнің отбасына қажетті көмек көрсетуді тапсырды.

"Денсаулық сақтау министрлігі зардап шеккендердің денсаулығын бақылауға алып, ем жүргізсін. Ішкі істер министрлігі Инвестициялар және даму министрлігі, теміржол басшылығы мен басқа да мүдделі органдармен бірігіп, вагондардың рельстен шығып кетуіне қатысты мұқият тергеу жүргізсін. Тергеу барысын өзім жеке бақылауға аламын. Қанат Қалиұлы (Алпысбаев - "Қазақстан темір жолы" ҰҚ АҚ басқарма төрағасы), тергеу нәтижелерін халыққа жеткізу мәселесін өзіңіз қараңыз", - деді Бақытжан Сағынтаев отырыс барысында.

Сондай-ақ, министрге зардап шеккендердің саны жайлы мәліметтер айтылды.

"Төтенше жағдайдан 23 жолаушы зардап шекті, бір адам қаза болды. Біреуі аяғы сынып, ауруханаға жеткізілді", -  деді Қанат Алпысбаев.

"Компания қаза болған жасөспірімнің отбасына барлық қажетті көмек көрсетіп жатыр. Ұлттық компания қаза болған жасөспірімнің отбасына 1 000 айлық есептік көрсеткіш көлемінде өтемақы, ал зардап шеккендерге жарақат деңгейіне байланысты 1 миллион теңгеге дейін өтемақы төлеу туралы шешім қабылдады", - деді Алпысбаев.

Осыған дейін пойыз апатынан қаза болған жасөспірім мен зардап шеккендердің тізімі жарияланған болатын.

Сонымен қатар, мұның алдында ҚР ИДМ баспасөз қызметі Шу станциясы маңында пойыздың рельстен шығу себептерін тексеретін комиссия құрылғанын хабарлаған еді.

"17 маусымда 13.25-те Сарышаған-Шу учаскесінде Астана-Алматы бағытындағы #9/10 пойызының жолаушылар отыратын 8 вагоны рельстен шығып кетті. Төтенше оқиға машинист теміржолдың қисайғанын көріп, көлікті шұғыл тежегенінен кейін болды. Оқиғаны тексеру үшін ҚР ИДМ Көлік комитеті жанынан арнайы комиссия құрылды", - деп хабарлаған болатын ҚР ИДМ өкілдері.

Еске салайық,17 маусымда сағат шамамен 14.00-де Жамбыл облысындағы Отар мен Шу станцияларының арасында төтенше жағдай болған еді. Мұның алдында үш вагонның рельстен шығып кеткені хабарланған болатын.

Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек пойыз апатының себебіне қатысты пікір айтты.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети