28 тамыз 2020 10:16

Челах пен Күлекбаев отырған "Қара бүркіт" колониясының басшысы ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай облысының полиция департаменті террорист Руслан Қүлекбаев пен экс-шекарашы Владислав Челах жазасын өтеп жатқан "Қара бүркіт" колониясының басшысы ұсталғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қостанай облысының полиция департаменті террорист Руслан Қүлекбаев пен экс-шекарашы Владислав Челах жазасын өтеп жатқан "Қара бүркіт" колониясының басшысы ұсталғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПД баспасөз қызметі өкілі бірлескен операцияны Қостанай облысы ПД ҰҚКД және ӨҚБ қызметкерлері жүргізгенін хабарлады.

Қостанай облысы бойынша ҚАЖД УК-161/3 төтенше қауіпсіздік мекемесінің басшысы колониядағы сотталушыға қамқорлық жасағаны үшін пара алғаннан кейін ұсталған.

"Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің "Пара алу" бабында көзделген сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Күдікті Қостанай уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады полиция өкілдері.

"Өз қатарындағы заң бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу бойынша жұмыс тұрақты жүргізіледі. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері талданады. Басшылар да қол астындағы қызметкерлері заң бұзғанда жауапқа тартылады. Жыл басынан бері ІІО-ның 21 қызметкері жұмыстан шығарылды және 23 адам тәртіптік жаза ретінде лауазымынан босатылды", - деді Қостанай облысы ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасының басшысы полиция полковнигі Жәнібек Қамзенов.

Күдікті колония басшысы болып өткен жылдың желтоқсанында тағайындалған.

"Қара бүркіт" - Қостанай облысындағы ҚАЖД төтенше қауіпсіздік мекемесі. Жітіқара қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 25 шақырым жерде орналасқан. 2004 жылдан бері колонияда өмір бойына бас бостандығынан айырылған аса қауіпті қылмыскерлер үшін жергілікті учаске бар. 

Еске салайық, "Қара бүркітте" 2012 жылдың желтоқсанында өмір бойына сотталған қарағандылық бұрынғы шекарашы Владислав Челах жазасын өтеп жатыр. Ол 2012 жылдың мамырында "Арқанкерген" уақытша шекара бекетінде 14 әріптесі мен қорықшының өліміне кінәлі деп танылды.

Сонымен қатар, мұнда алматылық мерген Руслан Қүлекбаев отыр. 2016 жылдың 18 шілдесінде таңертең ол Алматыдағы Алмалы АІІБ, ҰҚКД және салық департаментінің ғимаратына қарулы шабуыл жасады. Атыс салдарынан 10 адам қаза тапқан болатын.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети