24 сәуір 2023 17:32

CІМ өкілі Судандағы қазақстандықтар туралы айтты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сыртқы істер министрлігі өкілдері қазір әскери төңкеріс жасалып жатқан Суданнан Қазақстан азаматтарын эвакуациялау туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сыртқы істер министрлігі өкілдері қазір әскери төңкеріс жасалып жатқан Суданнан Қазақстан азаматтарын эвакуациялау туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, қазір Қазақстанның үш азаматы Суданнан эвакуацияланған.

"Біздің ақпаратымыз бойынша, ол жерде біздің үш азаматымыз болған, олар Суданнан шықты. Олардың бірі БҰҰ жүйесінде жұмыс істеген, ол қазір Эфиопияда, Аддис-Абебада. Тағы бір азамат жапондық компанияда жұмыс істеді, ол да жапон дипломаттарының күшімен эвакуацияланды", - деді Айбек Смадияров.

Еске салайық, Суданда әскери төңкеріс әрекеті болып жатыр. 15 сәуірде Жедел әрекет ету күштері елдің тұрақты армиясымен қақтығыстар кезінде Судан астанасы Хартумдағы халықаралық әуежайды, сондай-ақ Меровтағы әуе базасын бақылауға алды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети