Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

COVID-19-дан айыққан әрбір бесінші адамда ауру белгілері сақталады - зерттеу 23 маусым 2022, 10:51

Бұрын COVID-19 жұқтырған әрбір бесінші ересек адамда созылмалы COVID-19 белгілері сақталған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

©REUTERS ©REUTERS

Бұрын COVID-19 жұқтырған әрбір бесінші ересек адамда созылмалы COVID-19 белгілері сақталған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы АҚШ денсаулық сақтау өкілдері хабарлады. Маусымның алғашқы екі аптасында жүргізілген сауалнамаға сәйкес, АҚШ-тағы 13 ересек адамның 1-інде алғашқы инфекциядан кейін үш ай немесе одан да көп уақытқа созылмалы COVID-19 белгілері бар.

Деректерді 1-13 маусым аралығында АҚШ халық санағы бюросы жинады, ал талдаған - АҚШ ауруларды бақылау және алдын алу орталықтары (CDC).

Коронавирустың ұзақ мерзімді белгілері - шаршау, жүрек соғысы, ентігу, когнитивтік қиындықтар, созылмалы ауырсыну, сенсорлық ауытқулар мен бұлшықет әлсіздігіне дейін.

CDC талдауы жас ересектерде ауру белгілері қарттарға қарағанда жиі кездесетінін көрсетті. Зерттеулерге сәйкес, әйелдер ерлерге қарағанда COVID-19-дан көбірек зардап шеккен: АҚШ-тағы ересек әйелдердің 9,4 пайызы аурудың белгілері ұзақ болғанын хабарлаған, ал ерлердің 5,5 пайызы. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram