1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

COVID-19 жұқтырған тараздық дәрігер ауруханадағы сұмдық жағдайды айтты

©REUTERS ©REUTERS

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Таразда коронавирус жұқтырған әйелдің шағымына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Меркедегі орталық аудандық ауруханада инфекционист болып жұмыс істеп жүрген Толқынай Ордабаева ауруханадағы жағдайды Facebook желісіндегі парақшасында жазған. Ордабаеваның айтуынша, ол вирусты карантинде науқастарды емдеп жүргенде жұқтырған. Дәрігердің айтуынша, оларға маска да берілмеген. Масканы өздеріне тігуге тура келген.

"Науқастармен байланыста болғандарды 14-ші күні тексеру мүмкін болмады, себебі Жамбыл облысында оны тексеретін құрал жоқ. Сондытан оларды коронавирусқа соңғы бақылау сараптамасынан өткізе алмай, ауруханадан шығаруға тура келді", - дейді дәрігер.

Қазіргі уақытта ол вирусқа қарсы "Алувия" препаратын қабылдап жатыр екен.

Сондай-ақ, дәрігердің айтуынша, Жамбыл облысының Денсаулық сақтау басқармасы дәрігерлердің коронавирус жұқтырғанын жасырып отыр.

"Жамбыл облысы Денсаулық сақтау басқармасының маскаға,вирусқа қарсы дәрі-дәрмеке, сараптамаларға бөлген ақшасы қайда? Неге коронавирусқа сараптама жасалмай жатыр? Жұмыс орнында неге эпидемиологиялық тергеу жүргізілмейді?", - дейді дәрігер.

Министр Елжан Біртанов бұл шағымға пікір білдірді. Ол Тауарлар қауіпсіздігі мен сапа бақылау комитетінің басшысы Людмила Бюрабековаға осы мәселені шешуді тапсырды.

Біртанов бұл жағдайды жеке бақылауға алғанын айтып өтті.

Ал Жамбыл облыстық Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері осы дерекке қатысты қызметтік тергеу басталғанын айтып өтті.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Қазақстанда күн суытады