14 шілде 2022 17:40

Даниал Ахметов әзілкеш Евгений Чебатковқа "жауап берді"

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры, instagram.com/danial.akhmetov.official Видео кадры, instagram.com/danial.akhmetov.official

Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниал Ахметов Өскемендегі экологиялық жағдайға қатысты сауалға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниал Ахметов Өскемендегі экологиялық жағдайға қатысты сауалға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Баспасөз мәслихатында журналистер жақында Нұр-Сұлтанға Өскемен қаласының тумасы, стендап-комик Евгений Чебатков келгенін атап өтті. Ол "Стальной воздух" атты бағдарламамен өнер көрсеткен.

"Көбі атауына таңғалып, ойланды. Сөйтсек, бағдарлама туған қаласы - Өскемендегі ауаның ластануына арналған болып шықты. Ол Өскеменге келген сайын достарынан "ауа тазарды ма" деп сұрайтынын айтып, әзілдеді. Олар: "Иә, сәл ашылды" дейді. Халықтың 262 мың теңге жалақы алатынын ескерсек және осы ауамен демалып, денсаулық жағдайы жылдан-жылға нашарлайтын қала тұрғындары жалақысына қосымша экологиялық үстемеақы алуы керек емес пе", - деп сұрады журналист.

Сұраққа жауап берген Ахметов журналистер "сандарды басқаша" жеткізуге тырысатынын айтты. Оның айтуынша, облыстағы орташа жалақы ауылдық секторды қосқанда - 262 мың теңге. Әкімнің айтуынша, металлургия саласында, жеке кәсіптер арасында жалақы 4 миллион теңгеге дейін болса, Шығыс Қазақстан облысында дәрігердің орташа жалақысы 300 мың теңгеден асады, емхана дәрігерінің жалақысы 420 мың теңгеге жуықтаған.

"Енді стендап-комик туралы айтсақ. Жарайды, барып көре берсін. Бірақ бұл жерде бір жағымды фактор бар - ол жағдайдың сөзсіз жақсарғанын атап өтті. Мен оған мынадай кеңес берер едім: Мәскеуде үш жыл жұмыс істедім, Мәскеуден 70 шақырым жүрсін. Маған сеніңіз, Өскемен оған жұмақ болып көрінеді немесе көрші Барнаулға барсын. Маған сенсеңіз Өскемен еуропалық қаладай көрінеді. Қалайда бұл әзілкеш туралы ештеңе білмейді екенмін. Бұл менің олқылығым шығар, бірақ қазір міндетті түрде қараймын", - деді ШҚО әкімі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети