28 ақпан 2019 17:43

Данияр Ақышев Президенттің кеңесшісі болып тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Данияр Ақышев. © REUTERS Данияр Ақышев. © REUTERS

Данияр Ақышев ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңесшісі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Данияр Ақышев ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңесшісі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Ақышев Данияр Талғатұлы Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі болып тағайындалды", - делінген Президенттің жарлығында.

Еске салайық, 25 ақпанда Ұлттық банк төрағасы қызметінен Данияр Ақышев отставкаға кеткен болатын. Оның орнына Ерболат Досаев келген еді.

Данияр Ақышев 1976 жылы туған. Ол Алматы қаласының тумасы. Қазақ мемлекеттік басқару академиясының түлегі, мамандығы - экономист. Әр жылдары Орталық Азия қор биржасының жетекші экономисі болып жұмыс істеді. Республика ұлттық банкінің зерттеу және статистика департаментінде әр түрлі лауазымдарда қызмет атқарды. Ұлттық Банктің зерттеу және статистика департаментінің директоры қызметін атқарды. 2007-2014 жылдар аралығында Ұлттық банк төрағасының орынбасары болды. Содан кейін Президент Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі болды. 2015 жылғы 24 тамыздан бастап ел Президентінің көмекшісі міндетін уақытша атқарды.

Ұлттық банк төрағасы қызметінде 2015 жылы 2 қарашадан бастап жұмыс істеді. Оған дейін бұл қызметті Қайрат Келімбетов атқарды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети