26 маусым 2020 13:59

Данияр Вагапов Ұлттық банк төрағасының орынбасары болып тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Данияр Вагапов. Сурет: akorda.kz Данияр Вагапов. Сурет: akorda.kz

Данияр Вагапов Қазақстанның Ұлттық банк төрағасының орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Данияр Вагапов Қазақстанның Ұлттық банк төрағасының орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мемлекет Басшысының Өкімімен Данияр Валерьевич Вагапов Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

Ол Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқық бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды.

Данияр Вагапов 1977 жылы 6 маусымда дүниеге келген. 

1998 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін "құқықтану" мамандығы бойынша бітірген.  

1999 жылдан 1999 жылғы желтоқсанға дейін - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Заң қызметі департаментінің Заңнаманы құқықтық сараптау, кодтау және жүйелеу басқармасының жетекші маманы.

1999 жылдан 2000 жылға дейін - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаментінің Нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету басқармасының Заңнаманы талдау бөлімінің бас маманы.

2000 жылдан 2001 жылға дейін - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментінің Құқықтық сараптама, заңнаманы жүйелеу және құқықтық жалпыға міндетті оқу басқармасының құқықтық сараптама бөлімінің бастығы.

2001 жылдан 2002 жылға дейін - Қазақстан Республикасының Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқықтық бөлімінің консультанты.

2002 жылдан 2003 жылға дейін - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің Кеңсесінің Заң бөлімінің азаматтық және шаруашылық заңнама секторының меңгерушісі.

2003 жылдан 2006 жылға дейін - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментінің директоры.

2006 жылдан 2007 жылға дейін коммерциялық ұйымдарда жұмыс істеген.

2007 жылдан 2008 жылға дейін - Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Парламентіндегі өкілдігі басшысының орынбасары.

2008 жылдан - 2013 жылғы қыркүйекке дейін - "Нұр Отан" ХДП Заң басқармасының басшысы, "Нұр Отан" ХДП Орталық аппараты басшысының орынбасары.

2013 жылғы қыркүйектен бастап - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Сауда комитетінің төрағасы.

2014 жылғы тамыздан бастап - 2018 жылғы мамырға дейін - Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы.

2018 жылғы мамырда Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды.

"Құрмет" ордені, "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған. 

Марапаттары: "Қазақстан Конституциясына 10 жыл", "Астананың 10 жылдығы", "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл", "Қазақстан Конституциясына 20 жыл" медальдары.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети