26 ақпан 2019 16:50

"Данышпан химик": Мәскеуде қазақстандық студент қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәскеуде Михаил Ломоносов атындағы ММУ-де оқитын қазақстандық студент жатақханада қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Мәскеуде Михаил Ломоносов атындағы ММУ-де оқитын қазақстандық студент жатақханада қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан сыртқы істер министрлігі 24 жастағы қазақстандық студенттің Мәскеудегі өліміне қатысты тергеудің қалай өтіп жатқанын айтты.

Сыртқы саяси ведомство өкілдері ҚР азаматы Тамирлан Кірібаев 25 ақпанда 18:00 шамасында жатақханада өлі табылғанын хабарлады. Алдын ала мәліметтер бойынша, Тамирлан тұншығу салдарынан өлген.
"Тергеу алды тексерісті Мәскеу БӘО-ға қарасты тергеу басқармасының Никулинский ауданаралық тергеу бөлімі жүргізіп жатыр. 26 ақпанда елшілік РФ СІМ-ге осы төтенше жағдайды бақылауға алып, жан-жақты көмек көрсетуін сұрап, ресми хабарлама жіберді", - дейді ҚР СІМ өкілі.

Қаза тапқан студенттің туыстары Мәскеуге жеткен. Тергеу амалдары мен сот-медициналық сараптамадан соң студенттің денесі туыстарына беріледі. Ал оның Қазақстанға қашан жеткізілетіні белгісіз.

"Қазіргі уақытта Тамирлан Кірібаевтың туыстары Елшіліктің консул бөлімі қызметкерлерімен бірге Мәскеу БӘО-ға қарасты тергеу басқармасының Никулинский ауданаралық тергеу бөлімінде жүр. Оның алдында жоғары оқу орнының басшылығымен кездесу өтті", - деді Қазақстан сыртқы саясат ведомство өкілдері.

Қаза тапқан жігіттің оқытушылары Кірібаевтың өте талантты, болашағынын үміт күттірген жас ғалым болғанын айтты.

"Ол біздің мектебімізді 5 жыл бұрын аяқтады, ең үздік, талантты оқушылардың бірі болатын. Нағыз - данышпан химик. Жақсы отбасыдан шыққан жақсы жігіт. Химияда өте данышпан. Бірден ММУ-ге түсті. Бүгін таңертең осы оқиғаны естідік. Бәрінің қайғысына ортақпыз", - деді Астанадағы № 60 мектеп-лицей директорының орынбасары Татьяна Жакупова.

Бұған дейін ҚР СІМ бесінші курс студенті университет жатақханасында өзін-өзі өлтірді деген ақпаратты тексеріп жатқанын хабарлаған еді.

Mash Telegram-арнасының ақпаратына сүйенсек, Тамирлан өз бөлмесіне келіп, галстукты есіктің тұтқасына байлап, өзіне қол жұмсағысы келген. Оны байқап қалған кезде Кірібаев әлі тірі болғанымен, ес-түссіз жатқан. Оқиға орнына келген дәрігерлер қазақстандық студенттің өмірін құтқара алмады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети