14 қаңтар 2022 10:17

Дәрігер омикрон штамының ерекшеліктерін атады

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейлік иммунолог Владимир Болибок омикрон штамының ерекше белгілерін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасай отырып.


Ресейлік иммунолог Владимир Болибок омикрон штамының ерекше белгілерін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасай отырып.

Оның айтуынша, COVID-19-дың басқа штамдарынан айырмашылығы омикрон жұқтырғандарда кеуде тұсының ауырсынуы сирек кездеседі.

"Бұл плевраға әсер ететін пневмонияға шалдыққандарға тән болды. Омикрон да пневмония туындатуы мүмкін. Адамдар бұл пневмония салдарынан ауыр жағдайда қайтыс болады, бірақ оларда кеуде тұсының ауырсынуы сирек кездеседі", - деді Болибок "Москва 24" телеарнасына берген сұхбатында.

Сонымен қатар, ол омикрон штамына тән белгілерді атады.

"Омикрон штамының белгісі - қатты тамақ ауруы, мұрын бітелуі, құрғақ жөтел. Оған қоса температура көтерілуі, қатты әлсіздік пен бас ауруы қосылады", - деп түсіндірді Болибок.

Сондай-ақ, ол осы штамды жұқтырған кезде иіс сезу қабілеті жоғалуы мүмкін екенін, бірақ бұл симптом адам сауыға бастағанда болатынын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети