27 қазан 2016 19:41

Дархан Кәлетаев ҚР Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дархан Кәлетаев Дархан Кәлетаев

Дархан Кәлетаев Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Ақорданың сайтында хабарланды. 


Дархан Кәлетаев Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Ақорданың сайтында хабарланды. 

"Мемлекет Басшысының Жарлығымен Дархан Аманұлы Кәлетаев Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды", - делінген Жарлықта.

Сондай-ақ, Президент сайтында Мемлекет басшысының Жарлығымен Берік Сақбайұлы Арын басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Египет Араб Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Марокко Корольдігіндегі, Алжир Халық Демократиялық Республикасындағы, Тунис Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылғаны хабарланып отыр. 

Дархан Аманұлы Кәлетаев 1972 жылы 14 қазан күні Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Тұғыл кентінде туған. 1994 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін тарихшы мамандығы бойынша бітірді. 1996-1997 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару ұлттық жоғары мектебін бітірген. "Социально-политическая консолидация казахстанского народа" деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Жастар өмірі және олардың саяси-әлеуметтік мәселелері жайында жазылған кітаптардың авторы. 2009 жылдан бастап "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының басқарушы директоры қызметір атқарды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети