01 наурыз 2018 11:37

Дариға Назарбаева: Тіл мәселесінде шектен шығуға болмайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

ҚР Парламент Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы, сенатор Дариға Назарбаева өзінің депутаттық сауалын неге орысша жолдағанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Орыс тіліне ешкім тыйым салған жоқ, депутаттық сауалымды осы тілде жасадым, маған ыңғайлы тілде. Бәріміз Президенттің тапсырмасын орындауға тырысамыз. Орыс тілін ешкім жоққа шығарған жоқ, олай болмайды да. Өзгелерді де сыйлау керек, сондықтан мұндай мәселелерде шектен шығудың қажеті жоқ. Ұлтаралық бірлікті ешкім жоққа шығармады. Еліміздің аумағында қолданылатын тілдер еліміздің Конституциясымен бекітілген", - деп түсіндірді Назарбаева. 

Депуттатық сауал Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевке жолданып, Сенат отырысында оқылды. 

26 ақпанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ақпарат және коммуникация минстрі Дәурен Абаевпен кездесуінде Парламент және үкімет қызметі мемлекеттік тілде жүргізілу керектігін мәлімдеген. 

Келесі күні үкімет отырысы қазақ тілінде өтті. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети