Дәрігерлер Екатерина Парафиеваның аяғын неге кесіп тастау керек болғанын түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дәрігерлер Екатерина Парафиеваның аяғын неге кесіп тастау керек болғанын түсіндірді Екатерина Парафиева. © Tengrinews.kz

Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Исабеков дәрігерлердің неліктен Екатерина Парафиеваның екі аяғын кесу туралы шешім қабылдағанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Исабеков дәрігерлердің неліктен Екатерина Парафиеваның екі аяғын кесу туралы шешім қабылдағанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мұндай жағдайларда шешімді дәрігерлер емес, консилиум қабылдайды. Қыздың жағдайы ауыр болды. Ертең кез келген адам неліктен екі аяғын кесіп тастады деп сұрауы мүмкін. Бұл жеке бір адам қабылдаған шешім емес, мұны түрлі мамандар бірігіп шешті. Консилиумда травматологтар, хирургтер, тамыр хирургі бар. Аяғын аман алып қалуға бола ма деген сұрақ болды. Аяғының сүйектері қозғалып, формасы өзгеріп, сынып кеткен. Осыған байланысты дәрігерлер консилиумда бірауыздан аяғын кесіп тастау туралы шешім қабылдады. Тамыр хирургтері бірде-бір тамырдың қалыпқа келтірілмейтінін айтты", - деп түсіндірді Нұржан Исабеков.

Оның айтуынша, бұл жағдайда Екатеринаға аяғын сақтап қалуға шетелдік дәрігерлер де көмектесе алмас еді.

"Ол жансақтау бөлімінде, қызбен психологтар сөйлесіп жатыр. Есін жиды. Жансақтау бөлімінде қанның құйылу жұмысын жақсартып жатырмыз. Кейінірек профиль бөлімге ауыстырамыз", - деді Нұржан Исабеков.

Сонымен қатар, ол Екатеринаның аяқтарының тұқылы қалыпқа келмейінше жасанды аяқтарды кие алмайтынын айтып өтті. Оның айтуынша, қыз шамамен жарты жыл уақыт протез киеді.

Еске сала кетейік, 16 маусымда Алматыда болған жол апатынан қыздың екі аяғы жұлынып кеткені хабарланған еді. Жол-көлік оқиғасы әл-Фараби даңғылында Тұңғыш Президент саябағының маңында болған. Жол апатына түскен көліктің барлығы батыс бағытта кетіп бара жатқан. Honda көлігі ашық люкке түсіп кетіп, дөңгелегі жарылған. Бұл көліктің салонында екі қыз болған. Олар көлікті жол шетіне қойған кезде шеткі сол жақ жолақпен Toyota Camry келе жатқан. Көліктің жүргізушісі бұзылып тұрған автомобильді көріп, тоқтауды ойлаған. Алайда орта жолақта келе жатқан автобус оны соғып, Toyota Camry тоқтап тұрған Honda көлігін соққан. Осы уақытта екі көліктің ортасында қалып қойған екі қыз қысылып қалған. Дәрігерлер қыздың аяғын кесіп тастауға мәжбүр болды. Қазіргі уақытта зардап шеккен екі қыз да ауруханада ауыр халде жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети