07 қазан 2016 12:10

Дәурен Абаев: Бұл - отандық блогосфераға қатаң бақылау орнату емес

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дәурен Абаев. © Тұрар Қазанғапов Дәурен Абаев. © Тұрар Қазанғапов

ҚР ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында блогерлер мәртебесіне өзгерту енгізу ұсынысы жайлы түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


ҚР ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында блогерлер мәртебесіне өзгерту енгізу ұсынысы жайлы түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Министр екі апта бұрын "Ашық нормативтік құқықтық актілер" порталына "Ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы" заң жобасына қатысты Тұжырымдаманы орналастырылғанын еске салды. Айтуыенша, бұл осы саланы дамытудың көкейкесті мәселелері бойынша өзара пікір, идея алмасу үшін жасалған қадам болатын. "

Әрине, жан-жақты диалог аталған заң жобасы нақты механизмдерімен назарларыңызға ұсынылған кезде басталады. Дегенмен, көріп отырғанымыздай, осы алғашқы кезеңнің өзінде қоғам мен медиа қауымдастықты алаңдататын негізгі мәселелер белгілі болуда. Мәселен, блогерлер мәртебесіне өзгерту енгізу ұсынысы қоғамда қызу талқыланып жатыр", - деп жазды министр. 

Бұдан кейін министр осы мәселенің мән-жайына тоқтала кетеді. Айтуынша, бұл жерде көзделгені отандық блогосфераға қатаң бақылау орнату емес. "Өз басым, мұндай әрекет қоғам үшін тиімсіз деп санаймын.
Біз тұжырымдамада әлеуметтік желінің белсенді қолданушыларына өз қалауымен желілік басылым ретінде тіркеуге тұру мүмкіндігін беруді ұсынып отырмыз. Яғни, бұл дегеніміз оларға жаңа мүмкіндік пен құқық беріледі деген сөз", - деп жазды Дәурен Абаев. 

"Әрине, тұжырымдамаға қатысты қоғамдық пікірталастың жандануы уәкілетті орган ретінде бізді тек қуантады. Министрлік сындарлы ұсыныстарды, оның ішінде сыни пікірлерді де ескеретін болады. Бүгінгі күнге дейін "АНҚА" порталына нақты ұсыныстар мен идеялардың түспеуі медиа қауымдастық өз болашағына бей-жай қарайды деген сөз емес деп ойлаймын. Баршамызға ортақ мәселеге қатысты ұсыныстарыңыз бен пікірлеріңізді күтеміз", - деп қорытындылады сөзін министр. 

Еске салайық, Қазақстанда заң аясында блогерлер статусын анықтау туралы ұсыныс айтылған болатын. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети