05 қазан 2016 16:45

Қазақстанда блогерлердің мәртебесі заң аясында анықталуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

fokus.ua fokus.ua

Қазақстанда заң аясында блогерлер статусын анықтайтын болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев мәлімдеме жасады.


Қазақстанда заң аясында блогерлер статусын анықтайтын болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев мәлімдеме жасады.

Бұл норма қазіргі кезде Қазақстан Республикасының заң жобасының концепциясында көпшіліктің талқылануына түскен "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттық-коммуникациялық желілер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" қарастырылған. Осыған дейін Абаев қоғамды ашық түрде заң жобасын талқылауға шақырған.

"Ғаламтор арқылы бұқаралық ақпарат таратудың жаңа формалары мен технлогияларының пайда болуы мен жедел дамуына байланысты, ғаламтордың түрлі ресурстарында ақпарат таратушылардың ("блогерлердің") қызметін заңды тұрғыда реттеу мәселесі өзекті болып келеді. Қолданыстағы заңнамада "ғаламтор-ресурсы" түсінігінің "блогерлерге" қатысты қолданылуын қайта қарастыру ұсынылуда", - делінген заң концепциясының мәтінінде.

Абаевтың айтуынша, заңдағы бұл түзетулер ақпарат нарығындағы өзгерістердің жиі болатынына байланысты қозғалған. 

"Бүгінде азаматтық журналистиканың пікірі қоғамға дәстүрлі БАҚ-пен бірдей әсер етеді. Кейбір блогерлердің аудиториясы газеттер мен журналдардың аудиториясынан асып кеткен жағдайлар көбірек. Олардың көбісі қоғамдық бақылау мен азаматтық қоғамның даму механизіміне жағдай жасайды. Осы процесстердің маңыздылығын ескере отырып, біз адекват және релевант тұрғысынан блогерлерге арнайы мәртебе беруді ұсынамыз", - деп түсіндірді ақпарат және коммуникация министрі.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети