Дәурен Абаев телефондарды міндетті тіркеу туралы норманы түсіндірді

27 Қаңтар 2017, 15:43
0
Дәурен Абаев телефондарды міндетті тіркеу туралы норманы түсіндірді - © Reuters
© Reuters

ҚР ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев телефондарды міндетті тіркеу туралы норманы түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Құрметті достар, ұялы телефондардың IMEI-кодтарын тіркеу бойынша бірқатар сұраққа жауап беріп, түсіндіргім келеді. Біріншіден, біз тіркеу процедурасын дайындауға кірісіп кеткен жұмыс тобын құрдық. Мамыр айының соңына дейін жасалып, азаматтарға жан-жақты түсіндіріледі. Екіншіден, біз тұрғылықты жер бойынша уақытша тіркеудің тәжірибесін есепке алдық, сондықтан процедура барынша жеңіл болады және ұзын-сонар кезек пен дүрлігу туғызбайды", - деп жазды министр Facebook желісінде.

Үшіншіден, министрдің айтуынша, IMEI-кодтар базасын жасаудың халықаралық тәжірибесі, мәселен Ұлыбритания, Түркия, Әзірбайжан тәжірибелерінің есепке алынады. 

"Төртіншіден, жүйе іске қосылғанда телефон ұрлығын айтарлықтай азайтуы керек. Себебі тұрғын телефонының ұрланғанын полицияға хабарласа, оны құлыпқа түсіруге болады. Сонда телефон ұрлығының мақсаты болмай қалады. Бүгінде ІІМ мәліметінше, елімізде жыл сайын 60 мың шамасында телефон ұрланады, ал қайтарылу мүмкіндігі 5 пайыз ғана. Оның үстіне, көп жағдайда балалар жәбірленуші болып жатады. Енді оларды қылмыскерлердің құрбаны болуының алдын алуға мүмкіндік беретін құралымыз болады", - деп жазды министр.

Ал осыған дейін Ақпарат және коммуникация министрлігіндегілер телефондарды міндетті түрде тіркеу туралы нормаға қатысты түсінік берген болатын. "Телефондарды тіркеу процесін жеңілдету мақсатында тіркеуді абонентсіз-ақ жүргізу мәселесі жоспарланып отыр. Сондай-ақ, IMEI-кодтардың бірыңғай базасын құруға мемлекеттік бюджеттен қаражат қажет болмайды", - деген еді ведомство өкілдері Tengrinews.kz тілшісінің сауалына жауап бере отырып.

Сонымен қатар, министрліктегілер IMEI-кодтарды тіркеу ережелерін дайындау үшін арнайы жұмыс тобының құрылғанын айтып өткен болатын. "Қазіргі уақытта абоненттерді тіркеуге қатысты ережелерді дайындау үшін жұмыс тобы құрылды. Онда IMEI-кодтарды тіркеу процесі қалай жүргізілетіні көрінеді. Жұмыс тобында Ақпарат және коммуникация министрлігіндегілер, Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, сондай-ақ, "Мемлекеттік техникалық қызмет" өкілдері мен ұялы байланыс операторлары бар", - деген еді ведомство өкілдері.

Сондай-ақ, ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігіндегілер бұл шараның елімізге әкелінетін контрафактілік құрылғылардың санын азайтып, ұялы телефондарды ұрлау деректерімен тиімді күресуге әсер ететінін айтты.

Еске сала кетейік, осыған дейін Қазақстанда IMEI-кодтардың бірыңғай базасында тіркелмеген телефондар бұғатталатыны хабарланған болатын. Заңға сәйкес, енді ұялы байланыс опеарторлары уақытында тіркелмеген абоненттерді бұғаттайды. Айта кетейік, бұл заң 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай