Дауыс бергендерге алғыс білдіремін - Назарбаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дауыс бергендерге алғыс білдіремін - Назарбаев © Akorda.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Нұр Отан" партиясының сайлауалды штабына барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Нұр Отан" партиясының сайлауалды штабына барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қатысқандардың жалпыұлттық экзит-полл қорытындысы бойынша жаңалықтардың шығарылымын қарап шыққаны айтылады, оған сәйкес "Нұр Отан" партиясы сайлаушылардың 82 пайызының даусына ие болды. Қазақстан Президенті штабтағыларды тарихи жеңісімен құттықтады. "Алдын ала мәлімет бойынша, сайлаушылардың басым бөлігі "Нұр Отан" партиясына сенім білдірген екен - бұл халықтың жеңісі. Бүгін мен дауыс бергендердің барлығына алғыс айтамын. Партиямыздың әр мүшесі осы күрделі кезеңде артылған сенімді бағалауы керек. Бұл жеңіс - ұзақ жылдар бойындағы еңбектің жемісі. Осыған байланысты өңірлердегі штабтарты, партия белсенділері мен еріктілеріне алғыс білдіремін. Сайлауды шамамен 800 шетелдік және шамамен 10 мың жергілікті бақылаушы қадағалады, олар сайлау процессінің заңнамаға сәйкес өткенін атап өтті. Біз әлем қауымдастығының алдында ашық әрі әділ сайлау өткіздік", - деді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, Қазақстанда сайлаушылардың 77 пайызы дауыс берді. Exit poll мәліметінше, үш саяси партия 7 пайыздан жоғары дауыс жинап, ҚР Парламентіне өтті.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети