09 қараша 2018 11:44

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pexels.com © pexels.com

Синоптиктер 10-12 қараша күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.


Синоптиктер 10-12 қараша күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы демалыс күндері Қазақстанның басым бөлігінде қар аралас жаңбыр жауады.

"Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста жауын-шашын, қар аралас жаңбыр жауады. Бірақ мұнда да дүйсенбіде қар және кей жерлерде бұрқасын болады. Қыс сияқты ауа райы Батыс Сібір аймағынан Қазақстанға жылжып жатқан суық фронттармен байланысты. Олар дымқыл арктикалық ауаны алып келіп, нәтижесінде республиканың бүкіл аумағында күн суытады. Бұл күндері ауа температурасы климаттық нормадан 2…5 градусқа, солтүстік, орталық және шығыс облыстарда 5…10 градусқа төмен болады деп болжады", - деді "Қазгидромет" мамандары.

Еске сала кетейік, мұның алдында синоптиктер еліміздің бірнеше өңірінде тұман түсіп, көктайғақ болатынын ескерткен еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети