25 сәуір 2014 18:50

Демалыс күндері солтүстікте 10 градусқа дейін аяз болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Қазақстанда алдағы демалыс күндері жаңбырдың арты қарға ұласып, ауа температурасы түнде бес градус аязға дейін төмендейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" мамандарына сілтеме жасап.


Қазақстанда алдағы демалыс күндері жаңбырдың арты қарға ұласып, ауа температурасы түнде бес градус аязға дейін төмендейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" мамандарына сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, циклон мен онымен байланысты атмосфералық фронт Қазақстанның ауа райына ықпал ететін болады. "Күннің негізгі суытуы осы демалыс күндеріне сәйкес келіп отыр, жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, екпіні 25 метрге дейін жетеді. Солтүстікте, солтүстік-шығыс пен шығыста жел екпіні секундына 30 метрден асады. Оңтүстікте де, солтүстікте де, ауа температурасы түнде бес градус аязға және бес градус жылыға дейін төмендейді. Қостанай облысының жекелеген аудандарында 10 градус аяз болады. Солтүстікте күндіз сынап бағанасы 5-10 градус жылыны, оңтүстікте 10-15 градус жылы аралығын көрсетеді. Бұл аудандарда соңы қарға ұласатын жаңбыр түріндегі жауын-шашын болуы ықтимал. Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста толассыз жауын-шашын болады деп күтіледі", - дейді "Қазгидромет" РМК жетекші инженері Айгүл Мыңжанова.

Маманның айтуынша, жексенбіде және дүйсенбіде антициклонның әсерінен батыс облыстарда ғана күн жауын-шашынсыз болып, ауа температурасы 15-25 градусқа дейін жоғарылайды.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети