01 тамыз 2018 17:03

Денис Тен қаза тапқан орынға алматылықтар әлі гүл апарып жатыр

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Андрей Зайцев ©Андрей Зайцев

"Бізді өзгерткен бейсенбі", "Бейсенбі барлығымыз үшін қара күн", "Кешір Денис, қош бол, Денис!", "Аза тұтамыз және есте сақтаймыз, сен біздің чемпионсың... Мәңгілікке...".


"Бізді өзгерткен бейсенбі", "Бейсенбі барлығымыз үшін қара күн", "Кешір Денис, қош бол, Денис!", "Аза тұтамыз және есте сақтаймыз, сен біздің чемпионсың... Мәңгілікке...".

Спортшы, халық сүйіктісі және жай ғана жарқын адам 19 шілде қайтыс болды. Белгісіз біреулер Денис Тенді күндіз Алматының қақ ортасында өлтіріп кетті. Ел уайымдап, жылады... Ал Қазақстанмен бірге бүкіл әлем жылады. Бірі қайғысын ешкімге көрсетпесе, екіншісі әлеуметтік желілерде ашулы жазбалар жазды. Ешкім бей-жай қалмады.

Қайғылы оқиғадан кейін алматылықтар Денис Тен қаза тапқан орынға гүл, жұмсақ ойыншықтар әкеліп, суретінің алдында шам жаға бастады.

Tengrinews.kz тілшісі апаттан кейін екі апта өтсе де, әлі күнге дейін қайғы-қасірет тоқтамағанына көз жеткізді. Құрманғазы мен Байсейітов көшелерінің қиылысына әлі де адамдар келіп, суреттерге қарап көз жасын тыя алмайды. 

"Әлі күнге дейін адамдар гүл, шам алып келеді. Қыздар ұзақ жылап тұрады. Бірақ не істеуіміз керек, қалай жыламасқа? Еліміз үшін орны бөлек баланы жоғалтып алғанымыз үшін қайғымен өмір сүріп жүрміз. Оны жеке танымасақ та, мақтанамыз. Қайтыс болғалы бері осында күнде келемін, күнде жылаймын...", - деді алматылық тұрғын Бақытгүл Искенова.

Денис Тенге шабуыл жасалған спорт алаңның маңы қазір гүлдерге толы. Бірі әлдеқашан солып қалған, екішісі жап-жаңа, ал үшіншісі оны алып тастамайынша тұра береді, себебі алматылықтар жасанды гүл де алып келген. 

Мұнда спортшының үлкен қара-ақ портреті де пайда болыпты. Онда "Скорбим..." деп жазылған.

Қайғының көрінісі ретінде бірі қара коньки, келесісі қоштасу хатын қалдырып кетіпті. Олар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жазылған. Иероглифпен жазбалар да кездеседі. 

"Мен Денисті 2016 жылдан бері білемін. Оның жетістігін әрдайым бақылап отыратынмын, ол маған жақын болған, мәнерлеп сырғанауды қатты жақсы көремін. Оқиға болған кезде бұл мен үшін сондай қайғы еді, жақынымды жоғалтқандай болдым. Білесіз бе, мен мұнда жиі келіп, суреттерге қарап тұрамын. Қандай баланы жоғалттық, бүкіл Қазақстан жоғалтты...", -  дейді көзі жасаурап  Галина Абдрахимова.

Алмалы ауданының әкімдігінде мәнерлеп сырғанаушыға арнап қайтыс болған жерге ескерткіш немесе мемориал салу мәселесі қаралып жатыр.

"Қазір нақты айту қиын. Бірақ онда Денис Тенге арналып қандай да бір еске алу нысаны болады. Бұл мәселені әкімдік Денистің отбасымен шешеді", - деді аудан әкімі Жасұлан Естенов.

 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети